Зерттеу сабағы » ОШ №36 им. Саурамбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"№36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
октябрь
2023

Зерттеу сабағы

11-қазан күні үшінші зерттеу сабағын «Дауыссыз б мен п» тақырыбында өткіздім. Сабағым өз дәрежесінде өтті. Оқу мақсаттарыма жеттім. Балалар сабаққа белсене қатысты. Үлгерімі төмен және дарынды оқушыларға арналған тапсырмалар болды. С деңгейлі оқушы ережеге қатысты  тапсырмаларды орындауда сәл қиналды. Ол оқушыға көбінесе өзім барып көмектесіп тұрдым. С деңгейлі оқушы ережені біледі және  қолдана алады. Берілген сөздің соңына дауысты дыбыс келсе  келесі сөздегі өзгерісті таба алады. С деңгейдегі оқушылар ортаға бейімделіп, сабақ барысында  қысылмай, сабаққа атсалысып отырды. Оларға жақсы көңіл бөлінді, кейіннен жанындағы оқушымен бірге жұмыс жүргізді, топпен бірлесе қимылдап, қасындағы оқушылардың қолдауының арқасында оқушы сабаққа өз үлесін қоса алды. В деңгейлі оқушы да еш  қиналмады. А деңгейлі оқушыдан көмек сұрап, ізденіп, біліп отырды. Нұсқаулық құрастыру кезінде көмек қажет етті. Бірақ, топта өзін барынша еркін ұстап, ойын еркін жеткізіп отырды. А деңгейіндегі оқушы   топта белсене жұмыс жасап және өзі өзгелерге түсіндіріп отырды, тапсырманы толық көлемде меңгерді. 
Үшінші зерттеу сабағынан кейін С деңгейлі оқушы әлі де достарынан көмек күтеді. А және В деңгейлі оқушылар сабақта белсенді жұмыс істеді. А деңгейлі оқушы ойын ашық жеткізеді. Топ мүшелерімен қарым-қатынасы жақсы. Көшбасшылық қабілеті жақсы. Сұрақ құрастыру, нұсқаулық құрастыруда өзіне сенімді. Жаңа тақырыпты түсіндіруде белсенділік көрсетті. Тапсырманы түгелдей дұрыс орындады.   Бұл  сабақта кестелер толтырып   тапсырмалар орындауда топпен ақылдаса орындауға арналған тапсырмалар мен деңгейлік жұмыс ерекше орын алды.
 Қорыта келгенде, С деңгейдегі оқушының сабаққа деген қызығушылығы байқалды. Тез жауап беруге тырысты, бірақ әлі де достарынанкөмек күтеді. В деңгейдегі оқушы сабақта жақсы белсенділік көрсетті. Басқалардың ойын қабылдайды, тыңдайды, көмек керек кезінде аянып қалмайды. Сұрақтарға жауап  табуда ізденеді. Ортаға өз пікірін айтуға тырысады, жауаптарын қысқа қайтарады. А деңгейлі оқушы сабақта белсенді жұмыс істеді. Ойын ашық жеткізді. Топ мүшелерімен қарым-қатынасы жоғары. Көшбасшылық  қабілеті жақсы. Кез-келген жұмыс істегенде, өзіне сенімді. Жаңа тақырыпты түсіндіруде белсенділік көрсетті. Тапсырманы түгелдей дұрыс орындады. Басқа оқушыларға топта ойын айтуға мүмкіндік беріп, әрі бағыт-бағдар жасап отырды, сәл де болса өзінің жауап беру кезінде сенімсіздік жақтары байқалды, оның себебі орыс тілділігінде.

Похожие публикации:

23 октябрь 2023 Әдістемелік жұмыс
19 октябрь 2023 Зерттеу сабағы
10 октябрь 2023 Зерттеу сабағы
09 октябрь 2023 Зерттеу сабағы