2024-2025 оқу жылының 1 жарты жылдық талдауы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің
№ 36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебі КММ
2024 жылы «Оқыту мен тәрбиелеуде , білім алушыларды жеке тұлға ретінде жетілдіруге өзіндік іс-әрекетін қалыптастыра отырып, сапалы білім беру» мәселесімен педагогикалық ұжым жұмыс атқарды.
Мектебімізде білім алушылар саны - 41. Сынып комплектісі - 8.
2023-2024 оқу жылын үздік үлгеріммен аяқтаған білім алушылар саны – 13, оқу екпінділері – 14. Білім сапасы -72,9 % - ды құрап өткен оқу жылымен салыстырғанда 8 % - ға артып отыр.
Жалпы 9 - сыныпты аяқтаған оқушы саны - 5.
Оқушылардың жалпы интеллектісін, шығармашылық қабілетін сынап, бақ таластыратын пәндік олимпиаданың І (мектепішілік) кезеңі, ІІ (аудандық) кезеңдері уақытылы өткізіліп, биылғы 2023-2024 оқу жылында аудандық пән олимпиадасына қатысқан жалпы оқушылар саны 9-ды құраса, оның ішінде 5 оқушы жүлделі орын иеленіп, жалпы есепте 55,5 % білім сапасын көрсетіп отыр. Өткен жылымен салыстырғанда 1,1 % - ға артып отыр.
2023-2024 оқу жылында «Мектептегі дарынды оқушылардың шығармашылық дамуына мүмкіндік жасау, дарынды балалармен жүйелі жұмысты ұйымдастыру» мақсатында жылдық жұмыс жоспары түзіліп, шығармашылық «Дарынды зияткер» топ құрылды.
Бұл командада топ жетекшісі мен топ мүшелерінен құралған шығармашыл ұстаздар жұмыс жасады. «Жұмыс жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар өтілді, өз уақытысында талдау жүргізіліп, қорытындысы жазылып отырды. Мектепішілік жарыстар, байқаулар, олимпиадалар ұйымдастырылып, оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.
2-7 -сынып оқушылары арасынан «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі мамыр айында болып өтті. Аудандық кезеңге іріктеу жүргізіліп, 3 оқушы қатысты, нәтижесінде тек бір оқушымыз Саябек Жансая Азаматқызы аудандық кезеңнен 3- ші орын иеленді.
Мектепішілік «Абай оқулары» 3-4 -сыныптар және 5-8 – сыныптар арасында өткізіліп, жақсы нәтиже көрсеткен оқушыларға жүлделі орындар беріліп, дипломмен марапатталды.
5-9- сынып аралығында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» атты мектепішілік әдеби кеш өтті. Аудандық «Абай оқулары» конкурсына қатысып, 3-сынып оқушысы Ізтелеу Айым 2-орынды иеленді. «Алтын сақа» олимпиадасына 3-сынып оқушысы Ермекбай Жәдігер 2-орынды, 4-сынып оқушысы Болтабай Жасмин 3-орынды иеленді. «Бастау» олимпиадасына 3-сынып оқушысы Ермекбай Жәдігер қатысып, 1-орынды иеленді. Оқушыларымыз биылғы оқу жылында аудандық, облыстық байқаулар мен олимпиадаларға, интеллектуалды олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп, мектеп рейтингісін көтерді. Аудандық пән олимпиадасы бойынша 7 - сынып оқушысы Құлжабай Айзере орыс тілі пәнінен 2-орынды, 8 - сынып оқушысы Рақымжан Нұрайша биология пәнінен 3-орынды,
9 -сынып оқушысы Саябек Жансая тарих пәнінен 3-орынды иеленді. Жаратылыстану бағыты бойынша «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына қатысып, 1 – сынып оқушылары Болтабай Балым 1 – орынды, Асылбек Мөлдір 1 – орынды, Смагулова Медина 3 – орынды иеленді. 2- сынып оқушылары Әбжали Айсұлу 2-орынды, Мухтар Диас 1-орынды, Смагулова Милана 2-орынды, 3 - сынып оқушысы Ермекбай Жәдігер 1-орынды, Ізтелеу Айым 3-орынды, Садуақас Ақниет 3-орынды иеленді. 4 - сынып оқушысы Нұри Нұрторе, Болтабай Жасмин, Айбат Айдана 3-орынды иеленді. 6-сынып оқушысы Қожамұрат Ізет 2-орынды, 7 - сынып оқушысы Ермекбай Айару 3-орынды, 8- сынып оқушылары Ізтелеу Диляра, Жаңабек Айзере, Әбікен Әлімжан 2-орынды иеленді.
Аудандық «Үздік эсселер» байқауына қатысып, Әбікен Әлімжан 3-орынды, Болтабай Жасмин 3-орынды иеленді.
Аудандық «ұлттық мектеп лигасы» 5-6-сынып оқушылар арасында тоғызқұмалақтан Жаңабек Айару 3-орын, 7-8-сыныптар арасынан Рақымжан Нұрайша 2-орын, Жаңабек Айару
2-орын, Орынбай Абзал 3-орын иеленді. 9-11-сынып оқушылар арасынан Орынбай А 3-орынды иеленді.
Осы оқу жылында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері облыстық, аудандық, педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастырған конференциясында өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, басылымдарға мақалаларын жариялап, грамоталарымен марапатталды. Атап айтатын болсақ, бастауыш сынып мұғалімі Нуриева Жибек Барамбаевна тамыз кеңесінде бірлестік жетекшілеріне «Оқыту мене оқу үдерісін жақсарту мақсатында ЛЕССОН СТАДИ -ді пайдалану» тақырыбында коучинг өтті, ақпан айында «Іс-әрекеттегі зерттеу-білімді жетілдіруге бағытталған тәсіл» тақырыбындағы облыстық вебинарда өз іс-тәжірибесімен бөлісті және наурыз айында «Іс-әрекеттегі зерттеу: оқыту тәсілдері, озық тәжірибе, кәсіби орта» тақырыбындағы облыстық аймақтық семинар практикумда өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, 2-сынып оқушыларымен математика сабағынан «Екі амалмен шығарылатын есептер» тақырыбында сабақ өтті. Сонымен қатар өз білімдерін жетілдіру мақсатында Нуриева Жибек Барамбаевна Республикалық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын Тұғыр» олимпиадасына қатысып, аудандық кезеңінен 1-орынды иеленіп, облысқа жолдама алды, облыстық кезеңнен 2-орынды иеленді. Қазақ тілінен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «ПЕДСТАРТ» республикалық олимпиадасында Нуриева Ж. Б.
2- орынмен марапатталса, Сапарғалиева Махаббат Ергабыловна 3-орынмен, Сейдалиева Ляззат Жумағалиқызы 3-орынмен, қазақ тілінен Ажибекова Баян Женисовна 1-орынмен, ағылшын тілінен Ашимова Асель Куатбековна 2-орынмен, марапатталды. Аудандық бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасында Сапарғалиева Махаббат Ергабыловна 1-орынды иеленді. «Жас мамандар» байқауына қатысып 3-орынды Нұри Балжан Талғатқызы, Жаксылыкова Нурзат Токтагановна 3-орынды иеленді. Аудандық бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырылған пән олимпиадасынан Сейдалиева Ляззат Жұмағалиқызы 2-орынды иеленді. Аудандық «Үздік шығармашылық жұмыс» байқауының « Жүннен жасалған сәндік жұмыстар» номинациясына қатысып Жақыпбекова Гульнара Жандарбековна 3-орынды иеленді.
«Үздік сынып жетекшілер» байқауына қатысып Сейдалиева Ляззат Жұмағалиқызы 3-орынды иеленді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру бойынша бірқатар жоспарлы іс – шаралар өткізілді. Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының аясында «Даналық мектебі» клубының іс-шаралары өткізілді. «Қыз Жібек» қыздар клубының жұмысы жүргізілді.
Сондай-ақ , мектебіміздің жеке жобасы "Mold_sapa" жұмыс жасап, жәрмеңкелерге, көрмелерге шығып, түскен қаражаттың белгілі пайызын қайырымдылық шараларына қосады. Буллингтің алдын алу мақсатында "Кел, дос болайық " акциясы, "Досболlike" бағдарламасы жүзеге асырылды. "Біртұтас тәрбие "бағдарламасында көрсетілген өзекті мәселелер және олардың алдын алу шаралары бойынша жұмыстар атқарылды.
Педагогикалық кадр құрамын талдау:
Педагогтер саны- 16. Жоғары білімді - 16.
Педагог-зерттеуші: 1
Педагог-сарапшы: 3
Педагог-модератор: 9
Білім беру ұймының басшысы Ажибекова Б.Ж. басшы-ұйымдастырушы,
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары үшінші санатты басшы орынбасары санатында.
Санаты жоқ мұғалімдер саны: 3. Санаттары бар педагогтер үлесі- 81,25%.
Біліктілікті арттыру – мұғалімнің өз қызметін нәтижелі атқару үшін және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында арнайы оқу бағдарламалары арқылы оқыту, кәсіби даму, өз білімін көтеру болып табылады. Педагогикалық ұжымның 96 % үш жыл сайын өз білімін жетілдіру курстарынан өтіп сертификатталған.
Іс- тәжірибе алмасу семинарлары бойынша 3 аудандық, тәрбие бағыты бойынша 1 облыстық семинар өткізілді. Аудан көлемінде «Тіл достықтың – алтын көпірі» атты фестиваль өтті.
Педагогтер арасында пән бойынша ұйымдастырылған олимпиадалар мен байқаулардан жүлделі орындар саны – 6. Облыстық байқаулар – 3.
Республика көлемінде педагогикалық олимпиадалар мен байқаулардан «ПЕДСТАРТ» - 8.
2024 оқу жылында оқу - тәрбие үрдісіндегі кейбір жақсартуды қажет ететін олқы тұстарды ескере отырып, алдағы 2025 жылы іске асыруда төмендегідей мақсат міндеттер алынып отыр.
Мақсаты: «Оқыту мен тәрбиелеуде , білім алушыларды жеке тұлға ретінде жетілдіруге өзіндік іс-әрекетін қалыптастыра отырып, сапалы білім беру»
Міндеттері:
- Жобаларды іске асыруда білім алушылардың жаңа мүмкіндіктерін ашуға ықпал ету;
- Оқытудың озық технологияларын тәжірибеде жетілдіру;
- Оқыту мен тәрбиенің бірлігіне қол жеткізу;
- Бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға қалыптастыру;
- Оқу мен оқытуда сапалы білім меңгерту;
- Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты белсендіру;
- Инклюзивті білім алушыларға қолдау көрсету;
- Сабақ барысында бірыңғай талаптың орындалуын тұрақты қамтамасыз ету
- Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға қолдау көрсету, әдістемелік білімін көтеру, шығармашылық ізденіске тарту, озық іс-тәжірибе тарату;
- Білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысына қолдау көрсету;
- Ата-аналарды бірлескен жұмысқа тарту.
Күтілетін нәтиже:
- Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолданады;
- Оқыту мен тәрбиелеудің жаңашылдығын меңгереді;
- Бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлға қалыптасады;
- Оқу мен оқытуда сапалы білім алады;
- Педагогтердің кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылығы артады.
Мектеп директоры : Б.Ж.Ажибекова