02
июнь
2022
Мектеп директорының 2021-2022 оқу жылындағы есебі бойынша баяндамасы

Мектеп директорының 2021-2022 оқу жылындағы есебі
№36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебінде 59 оқушы білім алуда.Сынып комплектісі -7. Онің ішінде 10-ы үздік, 16-екпінді. Білім сапасы 57,7%, үлгерімі 100%. Оларға 15 педагог білім беруде.Оның ішінде 1-зерттеуші,3-сарапшы,3-модератор,1 санатты-2,2 санатты – 4,санатсыз-2 мұғалім бар.
Мектеп ұжымы әкімшілік басшылығымен жалпы мектептің жоспарын, дамыту жоспарын жүзеге асырып жатыр. Ұжымның мақсаты: бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, әлеуметтік тұрғыда қалыптасқан, функционалды сауаттылығы жоғары оқушыны тәрбиелеу.
Мектептегі барлық жүргізіліп отыратын іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен өткізіледі.Мазмұнды іс-шаралар оқушылардың мектеп өмірі қызықты, жарқын болуына ықпал етеді. Мектебіміздің оқушылары аудандық деңгейдегі әртүрлі байқауға қатысып жүлделі орынға ие болып отыр. Мектеп әкімшілігі оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, тәрбиелік деңгейін көтеру, бос уақыттарын тиімді өткізу үшін оқушыларды түрлі байқауларға, интеллектуалды сайыстарға қатыстыру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Биылғы оқу жылы өзіндік ерекшеліктерімен өтті. Оқушылар мен ұстаздар толағай табыстарға жетіп, мектептің рейтингісінің көтерілуіне орасан үлестерін қосты. Нәтижесінде мектеп оқушылары осы оқу жылдың қорытындысы бойынша әр түрлі олимпиадаларға, байқауларға, сайыстарға қатысып, аудан көлемінде -9, республикалык – 58, халықаралық деңгейде – 3 жүлделі орынға ие болды.
«Жомарт түлек» бағдарламасымен мектептің 20,30жылдық түлектері мектеп қабырғасына су колонкасын,3 кабинетке тақта,музыкалық аппарат сыйға тартты. Осындай қайырымды азаматарымызға алғыс білдіреміз.
Мұғалімдердің демеушілік көмегімен мектеп дәлізі,оқу кабинеттері безендірілді.
Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжымның алға қойған мақсаты мен жоспары көп. Оқушылардың білім сапасын арттыру, тәрбие деңгейін көтеру, материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстарын жалғастыру қажет.