Іс-шаралар » ОШ №36 им. Саурамбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"№36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ерлер-жердің қорғаны,елдің тұтқасы"сынып сағаты
06
май
2024
"Ерлер-жердің қорғаны,елдің тұтқасы"сынып сағаты
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 3 сынып "Ерлер-жердің қорғаны,елдің тұтқасы" тақырыбында сынып сағатын өткізді.Сынып жетекшісі:Сапаргалиева М.Е.
«Оқу мен тәрбиеде ұлттық құндылықтарды дарытудағы іс-әрекеттегі зерттеудің ықпалы» тақырыбында үздік зерттеу аймағы байқауы
26
апрель
2024
«Оқу мен тәрбиеде ұлттық құндылықтарды дарытудағы іс-әрекеттегі
«Оқу мен тәрбиеде ұлттық құндылықтарды дарытудағы іс-әрекеттегі зерттеудің ықпалы» тақырыбында үздік зерттеу аймағы байқауы өтті. Мақсаты: іс-әрекетті зерттеуді жетілдіре отырып, мұғалімнің зерттеу тәжірибесін жақсарту, мұғалімге кәсіби қолдау көрсету, оқу мен тәрбие үдерісіндегі қордаланған мәселелерді шешу.  
«Үміт» жәрмеңкесі
19
апрель
2024
«Үміт» жәрмеңкесі
Бүгін мектебімізде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қолдау көрсету мақсатында «Үміт» жәрмеңкесі ұйымдастырылды.Жәрмеңкеге ат салысып,қолдау көрсеткен ата-аналарымызға және мектеп ұжымына алғыс білдіреміз. #біртұтас_тәрбие #үмітжәрмеңкесі #жүректенжүрекке 
«Оксидтер» тақырыбында ашық сабақ
04
апрель
2024
«Оксидтер» тақырыбында ашық сабақ
Жоғарғы сынып бірлестігі айлығының жоспарына сәйкес химия пәнінен «Оксидтер» тақырыбында ашық сабақ. Сабақтың мақсаты: оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін біледі. Олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады. Пән мұғалімі: Табиева Анар Берікбаевна Сынып: 8  
Жоғарғы сынып әдістемелік бірлестігінің «Білім бақтың жібермейтін қазығы,білімсіз бақ әлдекімнің азығы»  айлығы
01
апрель
2024
Жоғарғы сынып әдістемелік бірлестігінің «Білім бақтың жібермейтін
Жоғарғы сынып әдістемелік бірлестігінің «Білім бақтың жібермейтін қазығы,білімсіз бақ әлдекімнің азығы» тақырыбындағы салтанатты ашылуы. Мақсаты: оқушылардың қоғамдық гуманитарлық және жаратылыстану пәндеріне қызығушылықтарын арттыру.  
Ұлыстың Ұлы күні-Әз Наурыз
19
март
2024
Ұлыстың Ұлы күні-Әз Наурыз
Наурыз мейрамы құтты болсын! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!  
«Ұлттық киім-ұрпаққа мұра»
18
март
2024
«Ұлттық киім-ұрпаққа мұра»
Әр ұлтты ерекшелендіретін – дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны секілді, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы бар. Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих. Осыған орай республикалық Наурыз меркесіне арналған онкүндік шеңберінде мектебімізде 18 наурыз – «Ұлттық киім-ұрпаққа мұра» тақырыбында 1-3 сынып оқушылары арасында ұлттық киімдер байқауы өтті.  
«Шаңырақ» күні
17
март
2024
«Шаңырақ» күні
Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салт болған. Жалпы, Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы «Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар.  
Б.Майлиннің 130 жылдығы
13
март
2024
Б.Майлиннің 130 жылдығы
Б.Майлиннің 130 жылдығына орай мектебіміздің 5-9 сынып оқушыларымен кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды Б.Майлиннің жазушы өмір жолымен, шығармашылығымен тереңірек таныстыру,кітап оқуға қызығушылықтарын ояту.