Тарихымыз
Қордай асуының ар жағында сарқырай ағып жылжыған «Ырғайты өзені» жатыр Ол батыс өлкені бетке алып ұзай береді. Осы өзенің бойында «Шарбақты» деген ауылда, (бұрынғы атауы «Бірік» деген ауылда) 1910 жылы шілде айында Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев дүниеге келеді. Нығмет жас шағында ауыл молдасына барып, бірлі – жарым сабақ алған болуы керек. Дегенмен, ол 15 жасына дейін «Қасық» деген ауылдық мектепте оқып, негізгі білімді содан алады. Ауыл мектебінде алған білімді қанағат тұтпай, Н.Сауранбаев