12
июнь
2025
Директордың 2024-2025 оқу жылының жылдық есебі
№36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебінің 2024-2025 оқу жылындағы атқарылған жұмыстар
2024-2025 оқу жылында №36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебінде ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3-тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде және «Білім туралы заңды», ҚР-ның «Тіл туралы» заңын және жоғары атқарушы органдардың бұйрықтары мен нұсқауларын негізге ала отырып, жұмыс жасадық.
2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік жұмыс жоспары, графиктік жұмыс кестесі, әр айға айлық жоспарлары жасалып, бекітілді. Пәндер бойынша педагогикалық талаптарға сәйкес сабақтардың және айлықтардың, алынатын жазба жұмыстарының кестелері жыл басында бекітілді.
2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстарға талдау жасап, көрсетілген кемшіліктерді басшылыққа ала отырып, 2024-2025 оқу жылына арналған жоспарын белгілеп, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа үйірмелерге тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және мектептен тыс тәрбие жұмысының түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқардық.
Педагогикалық кадр құрамына талдау:
2024-2025 оқу жылындағы педагогтердің жалпы саны-16. Жоғары білімді-16 педагог.
Педагогтердің біліктілік санаттары: Педагог-зерттеуші-2, педагог-сарапшы-3, педагог-модератор-9, педагог-2. Санаттары бар педагогтер үлесі- 87,5% құрады.
Педагогтардың біліктілігін арттыру курсынан өтуі:
Біліктілікті арттыру – мұғалімнің өз қызметін нәтижелі атқару үшін және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында арнайы оқу бағдарламалары арқылы оқыту, кәсіби даму, өз білімін көтеру болып табылады. Педагогикалық ұжымның 98% орта білім мазмұнын жаңарту аясында ұйымдастырылған оқыту курстарынан, 100% ақпараттық-коомуникациялық технологияларды меңгеру курстарынан өтті. Әр педагогтің 3 жылда бір рет курстан өтуі жоспарлы түрде іске асырылады. Педагогтардың кәсіби білімін жетілдіру барысында курстан өтіп, сертификатталған мұғалімдер қатары жылдан жылға көбею үстінде. Педагогтердің біліктілікті арттыру курстарынан өтуі 100% көрсетіп отыр.
Жалпы «Жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамтамасыз ету» жұмысы төмендегідей іс-шараларды қамтиды:
1. Оқу жылының жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамтамасыз ету іс-шараларының жоспарын жасау;
2. Мектеп жасындағы балаларды толық оқумен қамту;
3. Тасымалдау, ыстық тамақпен қамту;
4. Сабаққа себепсіз келмеген оқушыларды анықтау;
5. Тамыз, қыркүйек, қаңтар, наурыз айларында шағын мөлтек аудандарды аралау;
6. Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету;
7. Рейд жұмыстарын жүргізу;
8. «Мектепке жол»,«Қамқорлық» акцияларын өткізу.
ҚР-ның «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып Ауылдық аймақтарда ауылдық аймақ әкімінің келісімімен мектептерге мөлтекаудандар бөлініп, оның шартты схемасы жасалып, схема мектепте көрнекті жерде ілініп тұр .Мөлтекаудандар бойынша жауапты мұғалімдер бекітілген.
Мектепке қатысты шағын мөлтек аудандар саны – 5, жалпы бала саны- 81, оның ішінде мектеп жасындағы оқушылар саны- 49. Оның ішінде 1 оқушы үйде оқытылады. Оқу жылы барысында 0-ден 18 жас аралығындағы балаларды есепке алуды әр мұғалім жеке дәптерлеріне тіркеп, жылына 4 рет тексеріп, аудан базасына өзгерістер енгізіп отырады. Мөлтек ауданы бойынша жауапты мұғалімдердің дәптерлерін айлық аяқталған соң, арнайы мектеп әкімшілігі тексеріп отырады. Оқушылардың қозғалыс есептері туралы есеп-мәліметтер әр тоқсан, жартыжылдық сайын, жыл сайын және жаз маусымында жүзеге асырылады. Тиісті кестелермен аудандық білім бөліміне өткізіледі.
Сондай-ақ, Жалпыға бірдей білім берудің басты бағыты-оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуы болып табылады. Оқу жылының басынан бастап оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуы қадағалануда.
Оқушылардың оқулықпен қамтылуы
Биылғы жылы оқушылардың 100% пайызы оқулықтармен қамтамасыз етілді.
Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы.
Мектепте оқу жылының басында оқушыларға ыстық тамақтың ұйымдастыру жөнінде бұйрық шығарылған. Тамақтың сапасын бақылау мониторингі комиссиясы құрылды. Жеткізілетін тамақ өнімнің сапасы, тағам дайындау технологиясына, асхана жабдықтарының жарамдылығы, өнімдердің және дайын тағамдарды сақтау мерзімдері мен олардың сақталуына мониторинг жүргізу комиссияның міндетіне кіреді.
Биылғы оқу жылында 41 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр. Оның ішінде, бюджет есебінен жекелеген санаттағы аз қамтылған отбасынан шыққан 17 бала тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Аталған 17 оқушының ішінде: көпбалалы отбасынан шыққан АББ шешімімен енгізілген балалар саны-11, толық емес отбасынан шыққан бала саны – 6, және биылғы оқу жылының басынан бастап 1-4-сынып оқушылары (жалпы саны-24) бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылды. Асханада әкімшілік және мұғалімдер тарапынан кезекшілік, тамақ ішетін кестесі ұйымдастырылған. Мектептегі тамақ АББ арнайы әзірленген ас мәзірі бойынша беріледі. Бракеражды журнал толтырылып, медбике және мектеп әкімшілігі тарапынан күнделікті тамақтын сапасы мен мөлшері күнде бақылауға алынған. Ата-ана және оқушы тарапынан тамақтың сапасы бойынша ешқандай шағым түскен жоқ.
Оқу жылында тасымалданатын оқушылар тізімі жасалып, бекітілді. Тасымалданатын оқушылардың іс-қағазы жинақталып, Ноғайбай ауылдық округіне өткізілді. Тасымалданатын оқушылар саны- 46 оқушы.
Оқушылар контингентін талдау: 2024-2025 оқу жылын 49 оқушымен бастап, 48 оқушымен аяқтадық. 48 оқушының ішінде 1 оқушы үйде оқытылады. Үздік оқушылардың саны – өткен жылы 12 оқушы, екпінділер 15 оқушы болса, биылғы оқу жылында үздіктер – 13, екпінділер – 19 оқушымен аяқтап отырмыз. Былтырғы оқу жылында 70,8% болса, биылғы оқу жылында 73,3 % білім сапасын құрап отыр.
ББЖМ
Білім беру жетістіктерін мониторингілеумен жүргізілген жұмыстар – бұл оқушылардың оқу жетістіктерін, білім сапасын, оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау және білім беру сапасын арттыру мақсатында жүргізілетін жүйелі іс-шаралар жиынтығы. Мұндай жұмыстар бірнеше бағытта жүзеге асырылады:
Мониторингтің мақсаты мен міндеттері:Оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі түрде бақылау; Білім сапасын бағалау және талдау;Оқу үдерісін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; Мұғалімдердің әдістемелік жұмысын жетілдіру; Оқу бағдарламаларын тиімді жоспарлау.
Мектебімізде білім беру жетістіктерін мониторингілеу 3 кезеңде жүргізілді. 1-кезеңде 4-сынып оқушылары: 68%, 9-сынып оқушылары: 62% болды. 2-кезеңде 4-сынып оқушылары: 72%, 9-сынып оқушылары: 68% болды. 3-кезеңде 4-сынып оқушылары: 89%, 9-сынып оқушылары: 72% -ды көрсетті.
№514 бұйрығы бойынша педагогтардың қатысқан іс- шараларының нәтижесі
Аудандық деңгейдегі жалпы білім беретін пәндер бойынша Болтабай Жасмин 3-орын, Ермекбай Жәдігер 1-орын, Рақымжан Нұрайша 3-орын, Құлжабай Айзере 2-орынды иеленді.
2-4-сынып оқушыларына арналған «Бастау» ХVII Республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінен Әбжали Айсұлу 3-дәрежелі, Ермекбай Жәдігер 1-дәрежелі, Айбат Айдана 3-дәрежелі, №36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебі 2-4-сыныптар 1-дәрежелі дипломдармен марапатталды.
3-4 сынып оқушылары арасындағы «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінен Ермекбай Жәдігер 1-орын, Болтабай Жасмин 3-орынмен марапатталды.
Аудандық «Ең жақын досым» үздік эссе байқауынан Болтабай Жасмин 3-орынмен марапатталды.
Аудандық 1-4 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Абай оқулары» байқауынан Ізтелеу Айым 2-орынмен марапатталды.
«Тау тұлғалы тұмаға» атты аудандық сурет байқауы Ізтелеу Диляра бас жүлде иеленді.
Аудандық «Ең жақын досым» үздік эссе байқауы Болтабай Жасмин 3-орын иеленді.
3-4-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған аудандық «Анашым, жұлдызымсың, жарқыраған!» атты шығарма байқауынан Ермекбай Жәдігер 2-орын, Нури Үміт 3-орынмен марапатталды.
Аудандық «Қыс мезгілінің көрінісі» атты сурет байқауы Ізтелеу Диляра
3-орын иеленді.
Аудандық «Менің Отаныма – менің бастамам» байқауы Рақымжан Нұрайша бас жүлде иегері атанды.
Республикалық «Ақбота», «Кенгуру-математика» зияткерлік олимпиадасы
«Ақбота» зияткерлік олимпиадасы жаратылыстану бағыт бойынша:
1- дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, 2- дәрежелі дипломмен -9 оқушы,
3- дәрежелі дипломмен – 4 оқушы марапатталса,
«Ақбота» зияткерлік олимпиадасы гуманитарлық бағыт бойынша
1-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, 2-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы
3- дәрежелі дипломмен -11 оқушы марапатталды.
«Кенгуру-математика» олимпиадасынан 1-дәрежелі дипломмен -1 оқушы, 2-дәрежелі дипломмен -2 оқушы марапатталды.
Ұстаздардың жан-жақты ізденісі жолында халықаралық және республикалық қашықтық, облыстық, аудандық байқаулардан жеткен жетістіктері ұшан теңіз. Облыстық, республикалық баспа жарияланымдары бойынша мұғалімдердің өз іс-тәжірибесін таратуы да ұжымның өзіндік шығармашылығы мен ізденісінің нәтижесі.
Аудандық бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырылған пән олимпиадасының жеңімпазы Л.Ж.Сейдалиева IІ орынмен марапатталды.
Нуриева Жибек Барамбаевна бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің 1-дәрежелі дипломмен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алып, облыстық кезеңнен ІIІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қазақ тілі пәнінен Ажибекова Б.Ж. «Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырылған аудандық «Менің сүйікті мамандығым» атты жас мамандар байқауының жеңімпазы Нұри Балжан Талғатқызы ІІІ орынмен марапатталды.
Мемлекет басшысының «2025 жыл-жұмысшы мамандықтар жылы» Жарлығын және «Заң және тәртіп» құндылығын іске асыру, қатысушыларға өз бейнесін әртүрлі кәсіптермен байланыстыруға мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған «Мамандық таңдау болашақты таңдау» атты марафонның жеңімпазы бастауыш сынып мұғалімі Нұри Балжан Талғатқызы ІІ орынмен марапатталды.
«Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» облыстық командалық байқауының аудандық кезеңінің жеңімпазы №36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектеп тобы ІІІ орынмен марапатталды.
«Шығармашыл жас маман» атты аудандық байқауының жеңімпазы мектепалды даярлық тобының жетекшісі Жаксылыкова Нурзат Токтагановна ІІІ орынмен марапатталды.
«Ең үздік заттық дамытушы орта» атты аудандық байқауының жеңімпазы даярлық тобының жетекшісі Жаксылыкова Нурзат Токтагановна ІІІ орынмен марапатталды.
Аудандық «Үздік шығармашылық жұмыс» байқауының жеңімпазы көркем еңбек пәні мұғалімі Жакыпбекова Гульнар Жандарбековна ІІІ орынмен марапатталды.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырудағы инновациялық озық тәжірибені тарату мақсатында ұйымдастырылған «Үздік сынып жетекшісі» байқауына қатысқаны үшін Сейдалиева Ляззат Жумагаликызы ІІІ орынмен марапатталды.
Аудандық семинар практикумдар
Әдістемелік жұмыстың негізгі орталығы – әдістемелік бірлестік. Мектептің әдістемелік құрамына 2 бірлестік кірді, олар:
Бастауыш сынып пән бірлестігі – бірлестік жетекшісі: Нуриева Ж.Б.
Жоғары сынып пән бірлестігі – бірлестік жетекшісі: Абдисабирова Қ.А.
Жыл басында әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі бағыттары нақтыланып, әр әдістемелік бірлестіктерінің арнайы жоспарына атқарылатын іс-шаралар құрылып, бекітілді. Әр бірлестік жаңа оқу жылында қабылданған әдістемелік бірлестіктің алға қойған басым бағыттары мен міндеттерін орындауда білім стандартын басшылыққа ала отырып, біршама жұмыстар атқарды. Пән мұғалімдері айлыққа белсене қатысып, ашық сабақтарға талдаулар жүргізіп, тәжірибе алмасты. Кемшіліктер дер кезінде түзетіліп отырылды.
Мектептің өзекті мәселесінде оқу - тәрбие жұмысы мен дамыту мақсаттарын ойдағыдай жүзеге асыру шарттары белгіленді. Оқушының дамуын қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеудің жаңаша педагогикалық технологияларын педагогикалық үрдістегі барлық қатысушылардың меңгерілуі көзделді. Биылғы оқу жылында зерттеу сабақтары өз дәрежесінде өтіп, мұғалімдеріміз аудан көлеміндегі семинарда өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жақсы көрсеткіштер көрсетті.
Ұстаздардың жан – жақты білімді, өз бойындағы білімін оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай білім беру үдерісінде заманауи әдістер мен озық педагогикалық технологияларын игеруге көмек беру, озық тәжірибелермен танысып, сыни тұрғыдан ойлауға негізделген, өмірде қолдануға ықпал ету мақсатында биылғы оқу жылында 5 аудандық семинар өткізілді. Аудандық семинарлардың ұйымдастырылуы жақсы деңгейде болып қатысушылар тарапынан жақсы деген баға берілді.
1. «Функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары» тақырыбындағы аудандық семинар-практикумда іс-тәжірибесімен бөліскені үшін математика пәнінің мұғалімі Абдрасилов А.Т. мадақтамамен марапатталды.
2. Функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары» тақырыбындағы аудандық семинар-практикумда іс-тәжірибесімен бөліскені үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Табиева А.Б. мадақтамамен марапатталды.
3. «DIGITAL KAZAKHSTAN – ЗАМАНАУИ БІЛІМДЕ» тақырыбындағы педагогтердің аудандық тамыз кеңесінде секция отырысында өз іс-тәжірибесімен бөліскені үшін бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Нуриева Ж.Б. мадақтамамен марапатталды.
4. «SMART технологиясының білім берудегі тиімділігі» тақырыбындағы аудандық семинар-практикумда іс-тәжірибесімен бөліскені үшін бастауыш сынып мұғалімі Сапарғалиева М.Е. мадақтамамен марапатталды.
5. «SMART технологиясының білім берудегі тиімділігі» тақырыбындағы аудандық семинар-практикумда іс-тәжірибесімен бөліскені үшін тарих пәні мұғалімі Абдисабирова К.А. мадақтамамен марапатталды.
6. «SMART технологиясының білім берудегі тиімділігі» тақырыбындағы аудандық семинар-практикумда іс-тәжірибесімен бөліскені үшін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алимова К.С. мадақтамамен марапатталды.
7. «SMART технологиясының білім берудегі тиімділігі» тақырыбындағы аудандық семинар-практикумда іс-тәжірибесімен бөліскені үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Табиева А.Б. мадақтамамен марапатталды.
8. Дарынды оқушылармен жұмыс: «Инновациялық технологиялар мен жаңа ғылыми бағыттар» тақырыбындағы аудандық семинар-практикумда орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алимова К.С. өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
9. Дарынды оқушылармен жұмыс: «Инновациялық технологиялар мен жаңа ғылыми бағыттар» тақырыбындағы аудандық семинар-практикумда тарих пәні мұғалімі Абдисабирова К.А. іс-тәжірибесімен бөлісті.
10. Дарынды оқушылармен жұмыс: «Инновациялық технологиялар мен жаңа ғылыми бағыттар» тақырыбындағы аудандық семинар-практикумда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Табиева А.Б. іс-тәжірибесімен бөлісті.
11. Дарынды оқушылармен жұмыс: «Инновациялық технологиялар мен жаңа ғылыми бағыттар» тақырыбындағы аудандық семинар-практикумда «Mold_sapa» жобасымен жоба жетекшісі Сапаргалиева М.Е. таныстырып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
12. «Рухани құндылықтар арқылы тарихи сананы қалыптастыру» тақырыбындағы аудандық семинар-практикумда өз іс-тәжірибесімен бөліскені үшін тарих пәнінің мұғалімі Абдисабирова К.А. мадақтамамен марапатталды.
Жас мамандармен жүргізілген тәлімгерлік
• Жас маманға бекітілген тәлімгер: Нуриева Ж.Б. Педагог-зерттеуші• Жас маман: Нұри Б.Т. педагог 2024-2025 оқу жылының қыркүйек айында мектебімізге келген жас маман Нұри Балжан Талғатқызына тәлімгерлік ету маған бекітілді. Қыркүйек айында жас маманмен жұмыс жоспары бекітіліп, төмендегідей жұмыстар атқарылды:
1) 2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен таныстырылды2) Жас маманға берілген 1-сыныптың ұзақ мерзімді жоспарын, күнтізбелік тақырыптық жоспарын құруға көмек берілді;3) Күнделік.кз толтырылуын түсіндіру;4) Қосымша және үйірме сабақтарының жүргізілуімен таныстыру, жоспарын құру түсіндірілді;5) Тәрбие жоспарын құруға көмек берілді.Жыл бойы
Өзін-өзі дамыту тақырыбын анықтап, жас маманның сабақтарына қатыса отырып, анықталған кемшіліктер бойынша көмек беріліп, оқу- әдістемелік, дидактикалық тапсырмалар дайындау, кабинетін жабдықтау, оқушының күнделігімен және дәптерімен қалай жұмыс істеу керектігі, дәптерге қойылатын жалпы талаптармен таныстырулар жүргізіліп отырды.
Әдістемелік бірлестік отырысына қатыстырып, оқушыларды пән олимпиадасына және конкурстарға дайындау әдістемесімен таныстырып, оқушыларын «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Кенгуру», «Ақ бота» ойын-конкурстарына қатыстырып, оқушылары 1,2-дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар бастауыш сынып айлығы барысында әліппеден «Пп дыбысы мен әрпі»тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ жақсы өтті. Оқушылардың мектеп табалдырығын аттағандарына көп болмаса да, партада отыруды біледі. Мұғалімді мұқият тыңдайды. Сабақта қолданған әдіс-тәсілдер оқушылардың қызығушылықтарын оятты. «Аяқ іздері», «Кім жылдам?» әдістері тиімді, әрі оқушылардың белсенділіктерін арттырды. Оқулықпен, дәптермен жұмыстар жүргізілді. «Ұлттық құндылығымызды дәріптей білейік» тақырыбында 2-3-4-сыныптармен Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін оқытып, «Таза бұлақ» қойылымын қойды. Ұлттық ойындарымыздан , айта кететін болсақ «Пазлдан ұлттық киімдерді құрастыру», «Сәйкестендір», «Бәйге», «Арқан тарту», «Мақал-мәтелдер» ойындары ойнатылып, жоғары деңгейде өтті.
Жас маман байқауына қатысу ережесімен таныстырып, «Жас маман-2024» байқауына қатысып, жүлделі 3-орынды иеленді.
Сабақтан тыс оқушылармен түрлі іс- шаралар өткізілді. Жыл соңында
жылдық жұмысын қорытындылау жүргізілді.
Жетекші мектептермен атқарылған іс- шаралар
2025 жылдың 13 наурыз айында жетекші меектептермен «SMART технологиясының білім берудегі тиімділігі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: Мұғалімдерге SMART технологиясының негізгі қағидаларын түсіндіру, оны сабақ жоспарлауда тиімді қолдану жолдарын көрсету және оқыту үдерісін жақсарту.
Пән мұғалімі Абдисабирова Қ.А. 7-сыныппен Қазақстан тарихы пәнінен «ХⅠХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алимова К.С. Н.В. Гоголь «Старосветские помещики» тақырыбында 8-сыныппен ашық сабақ өткізді.
«Бастауыш білім беруде жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында Сапаргалиева М.Е. шебер сабақ көрсетті.
ДОІЖО Табиева А.Б. «SMART технологиясының білім берудегі тиімділігі» тақырыбында коучинг өткізді.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар
Қазіргі қоғамның басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, ел тағдыры мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік алуға дайындау. Тәрбие – сапалы білімнің негізі, ол жас ұрпақты биік мұраттарға жетелейді, адам жанын ізгілікке бөлеп, құнды адами қасиеттерге баулиды. Бүгінгі заман – өзгермелі дүниеде шығармашыл ұрпақтың дәуірі. Ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленген ұрпақ – ұлы болмақ.
Мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты:
Адамгершілік қасиеті жоғары, құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Мектептегі тәрбие жұмысының міндеттері:
- Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.- Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.- Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлыболуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.- Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу Күтілетін нәтиже:
- Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.- Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды жәнеұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.- Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзіне берік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.- Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында келесі әлеуметтік жобаларға жоспар құрылып, іске асырылды:
«Қамқор» – әлеуметтік осал топтардағы балаларға көмек көрсету;
«Еңбегі адал – жас өрен» – еңбекқор, жауапкершілігі жоғары оқушыларды мадақтау;
«Шабыт» – шығармашыл дарынды балаларды анықтау және қолдау;
«Ұшқыр ой алаңы» – сын тұрғысынан және креативті ойлауды дамыту;
«Smart bala» – цифрлық сауаттылық пен зияткерлік дамуға бағытталған жоба;
«Балалар кітапханасы» – оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру.
Мектебімізде «Smart bala» жобасы аясында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін оята отырып, құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Mold_sapa» жобасы жүзеге асырылды. Жасалған сәндік бұйымдар аудан көлемінде жәрмеңке мен көрмелерге шығарылды. Жобаға 5 оқушы қамтылды, жоба жетекшісі Сапаргалиева М.Е.
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында «Күзгі асар» ұжымдық бірлескен шаралар жәрмеңкесі ұйымдастырылды, «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Лудомания-ғасыр дерті» тақырыбында өткен аудандық пікірсайыс турниріне беслене қатысқаны үшін мектебіміздің дебат командасы алғыс хат алды.
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітаптар айналымы» акциясы, «Шын жүректен кітап сыйла!» челленджі , «Интернетті тиімді пайдалану туралы қажетті кеңестер» тақырыбында қолдан кітапшалар жасалып оқушылар арасында таратылды,кітаптар сыйға тартылды. «Қамқор» жобасы аясында «Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі, «Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызмет жалпы мектептік волонтерлық акциясы ұйымдастырылды. «Шабыт» жобасы аясында «Даналық ұстаздан» мұғалімдер күніне арналған челлендж ұйымдастырылды, «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында оқушылар «Мамандықтар марафоны» байқауына қатысты.
Үзіліс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін мектеп парламенті үлкен үзілісте тоғызқұмалақ, бес тас, асық және тағы да басқа ұлттық ойындар ұйымдастырып отырды.
«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Гимнін орындайды, әр сынып бөлмелерінде және дәлізде «Апта дәйексөздері» -мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері ілініп тұрады.
«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күй пайдаланылады.
«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және қауіпсіздік шараларын сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беріліп, видеороликтер көрсетіліп, әңгіме жүргізіліп отырды. Сынып сағаттарының сабақ кестесіне қойылуы мен жүйелі өткізілуін жүзеге асыру қадағаланып отырды.Мектеп әкімшілігі, педагог-психолог, әлеуметтік педагог және сынып жетекшілер арасында бірлескен жұмыс жолға қойылды.
Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы аясында бастауыш және орта буын ата-аналарына ай сайын сабақтар ұйымдастырылды. «Даналық мектебі» клубының жұмысы жоспар бойынша жүзеге асырылды. Жалпы мектептік және сыныптық ата-аналар жиналыстары өткізілді. Білім алушыларды жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу бойынша «Досболlike» бағдарламасы жоспар бойынша жүзеге асырылды. Қыз балалардың бойына ұлттық тәрбиені сіңіру, әдептілікке, инабаттылыққа, сұлулық пен салауаттылыққа баулу мақсатында «Қыз Жібек» клубының жұмысы жоспар бойынша жүзеге асырылды.Мұндай клубтар арқылы қыздар өздерінің рухани, мәдени және әлеуметтік дамуына қажетті дағдыларды меңгереді.Сондай-ақ ұл балалардың бойында ер азаматқа тән мінез-құлық, тәртіп, жауапкершілік, патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында ұлдармен жұмыс жүргізілді.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында атқарылған жұмыстар
Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектепте жүргізілетін жұмыстар – оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, оқырман мәдениетін қалыптастыру, білімге деген ынтасын ояту мақсатында ұйымдастырылады. Бұл жоба ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен іске асырылып, мектеп оқушылары арасында оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Жобаның мақсаты:
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту;Оқу мәдениетін қалыптастыру; Сын тұрғысынан ойлау мен сөздік қорын байыту;Жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.
Мектепте жүргізілген негізгі жұмыстар:
«10 минуттық оқу» әдісі
Мектепішілік оқырмандар клубы
Кітап көрмелері мен әдеби кештер
Оқу марафондары мен байқаулар
Сыныптағы кітап сөрелері
“Алғыс білдіру ен асыл сөз” жылы тілек айту челленджі
«Кітаппен өткен демалыс»
«Жырлайды жүрек» М. Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу;
Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында:
«Түнгі ауыл балалары» атты жедел алдын алу іс-шаралары, «Қатыгездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ» , «Бала еңбегін қанауға жол жоқ!», «Бала еңбегін қанауға қарсы күрес», «Вейп», «Лудомания», «Нашақорлықтың алдын алу», «Вандализм» атты ақциялар ұйымдастырылды.Акцияға 5-9 сынып оқушылары қамтылды. Тұрмыстық зорлық -зомбылықтың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығының алдын алу мақсатында патриоттық тәрбиедегі және өгей әкелермен бірге тұратын балалармен сұхбат жүргізілді. Азаматтық қорғаныс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз балалық шақ", "Отсыз демалыс", "Менің қауіпсіз демалысым", "Оттан сақ бол!»; «Сіріңке - бір өмірдің бағасы», "Өрттің шығу себептері", "Орман өрттері" тақырыптарында іс-шаралар өткізілді.Аталған іс-шараларға мектептің барлық оқушылары және ата-аналар қамтылды. Мүдделі органдармен бірлескен жұмыс жоспары жасақталып, жоспар бойынша іс-шаралар жүргізілді. «Түнгі қаладағы балалар», балалар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу мақсатында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді. Құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында құқықтық тәрбие сағаттары жүргізіліп жатыр,әр дүйсенбі күндері сынып сағаттарының шеңберінде қауіпсіздік сабақтары жүргізілді.ҚР Конституциясы, Бала құқықтары туралы Конвенция және "Бала құқықтары туралы" заң бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді."Менің құқықтарым мен міндеттерім" тақырыбында пікірталастар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.Құқық қорғау органдары мамандарымен кездесулер,құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кездесулер ұйымдастырылды.Құқықтық тақырыпта бейнероликтер көрсетілді.Жолда жүру ережелерін сақтау және оқушылардың жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүйелі түрде түрлі жұмыстар жүргізілді. Буллинг, кибербуллинг тақырыптарында алдын алу шаралары ұйымдастырылды. Интернет қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, жаднамалар таратылды.
Қорытынды: Есептік кезеңде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы оқу-тәрбие үдерісіне белсенді енгізіліп, жүйелі түрде жүзеге асырылды. Мектеп оқушыларының бойында құндылықтық бағдар қалыптасуда, ата-аналармен және қоғамдастықпен тығыз байланыс орнатылды.
Спорттық іс- шараларға қатысуы, нәтижесі
Аудандық тоғызқұмалақтан Ермекбай Жәдігер 1-орын, Ізтелеу Айым 2-орын, Рахымжан Нұрайша 2-орын, Жаңабек Айару 2-орын, Орынбай Абзал 3-орын иеленіп, мадақтамалармен марапатталды.
Аудандық шахматтан Ермекбай Жәдігер 1-орын, Ізтелеу Айым 3-орын иеленіп, мадақтамалармен марапатталды.
Өткен оқу жылындағы рейтинг көрсеткіші мен өсу, кему динамикасы, себебі:
Мектеп рейтингі – білім беру ұйымының оқу жетістіктері, тәрбие жұмысы, материалдық-техникалық база, педагогикалық құрам сапасы және қосымша білім беру қызметі секілді бірнеше бағыттар бойынша бағаланатын маңызды көрсеткіш. Соңғы жылдары біздің мектептің рейтингілік көрсеткіштері айтарлықтай жоғарылады.
2022-2023 оқу жылында 2829 балл болса, 2023-2024 оқу жылында 2860 балл көрсеткішті көрсетті. Бұл көрсеткіштер ішкі және сыртқы бағалау нәтижелері, оқу үлгерімі, олимпиада жетістіктері нәтижелері негізінде есептеледі.
Өсу себептері
✅ 1. Оқу сапасының артуы; Оқу жетістіктерін мониторингілеудің жүйелі түрде жүргізілуі; Оқушылардың олимпиада, байқаулардағы жетістіктері; Қиын тақырыптар бойынша қосымша сабақтар мен консультациялар ұйымдастырылуы.
✅ 2. Педагог кадрлардың кәсіби дамуы; Мұғалімдердің біліктілік арттыру курстарынан өтуі; Педагогтер арасында тәжірибе алмасу, әдістемелік бірлестіктер жұмысының белсенділігі; Жаңартылған білім мазмұнына сай оқыту технологияларын қолдану.
✅ 3. Тәрбие және рухани құндылықтарға бағытталған жұмыс «Оқуға құштар мектеп», «Шабыт», «Қамқор», «Smart bala» сияқты жобалардың жүзеге асуы; Оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған үйірмелер, клубтар, жобалық жұмыстар.
✅ 4. Ата-аналармен және қоғаммен байланысАта-аналар жиналысы, Ата-аналар клубы, ашық есік күндері арқылы ата-аналардың мектеп өміріне тартылуы;Мектеп пен қоғам (жергілікті әкімдік, демеушілер) арасындағы ынтымақтастық.
✅ 5. Материалдық-техникалық базаның жаңаруы; Кабинеттердің жаңаруы;
Мектептің 2025-2026 оқу жылында атқаратын жұмыс тақырыбы:
« Оқыту мен тәрбиелеуде , білім алушыларды жеке тұлға ретінде жетілдіруге функционалдық сауаттылығын қалыптастыра отырып, сапалы білім беру»
Мақсаты: Оқыту мен тәрбиелеуде оқытудың тиімді инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы сапалы білім беру.
Міндеттері:
- Жобаларды іске асыруда білім алушылардың жаңа мүмкіндіктерін ашуға ықпал ету;
- Оқытудың озық технологияларын тәжірибеде жетілдіру;
- Оқыту мен тәрбиенің бірлігіне қол жеткізу;
- Бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға қалыптастыру.
- Оқу мен оқытуда сапалы білім меңгерту;
- Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты белсендіру;
-Сабақ барысында бірыңғай талаптың орындалуын тұрақты қамтамасыз ету;
-Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға қолдау көрсету, әдістемелік білімін көтеру шығармашылық ізденіске тарту; озық іс- тәжірибе тарату;
- Білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысына қолдау көрсету;
- Ата-аналарды бірлескен жұмысқа тарту;
Күтілетін нәтиже:
- оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолданады;
- оқыту мен тәрбилеудің жаңашылдығын меңгереді;
- бәсекеге қабілетті , шығармашыл тұлға қалыптасады;
- оқу мен оқытуда сапалы білім алады;
- педагогтердің кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылығы артады;
2025-2026 оқу жылында әдістемелік бағыт бойынша педагогтің өзін-өзі жетілдіру, озат тәжірибені насихаттау және тарату, білім алушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту, сабақты зерттеуге тарту жұмыстарын алдымыздағы оқу жылында нәтижелі атқару, бақылауды күшейту.
Қорыта келе 2024-2025 оқу жылындағы мақсат - міндетімізге сәйкес атқарылған жұмыстарымыз жүйелі жүргізіліп, жақсы нәтижелер көрсетті.
Мектебіміздің өткен жылдық қорытынды есебін талдай келе жүргізген жұмыс жоспары түгелдей атқарылып, жұмыс деңгейі қанағаттарнарлық деп танылды. Жаңа 2025-2026 оқу жылында жылдық жұмыс жоспарында белгіленгін жұмыстарды атқара отырып, бәсекеге қабілетті, жан – жақты дамыған оқушыларды қалыптастыру мақсатын алға қоя отырып еңбек етеміз.
Күшті жақтары:
- Білім порталдарынан жаңа, заманауи ақпараттар алу;- Педагогтердің өздігінен кәсіби білімдерін жетілдіруі.- Мектеп оқушыларының көшбасшылыққа, оқуға деген қызығушылығының болуы;- Табысты оқушылардың шығармашылығын шыңдауда, дарындылығын ашуда мүмкіндіктердің болуы. Мүмкіндіктер:- Мұғалім мен оқушының арасындағы сенімділік пен педагогикалық қарым-қатынасты орнату.- Білім сапасын арттыруда сандықтехнологияларды, заманауи бағдарламаларды ресурстық жүйе арқылы педагогикалық шеберлігін артыру бойынша жұмыс;
- Ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, потенциалды біріктіру.Әлсіз жақтары:
- Мектептегі оқу-тәрбие бағытын дамытуға арналған жобалар бойынша оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысының жүйесін жолға қою. - Мұғалімдердің аудандық, облыстық, республикалық деңгейде озық іс-тәжірибелерін ұсынуының жеткіліксіздігі;- Аудандық жыл мұғалімдері сайыстарына қатысуының болмауы;.- Түрлі кәсіби сайыстарға қатысып жүлделі орындар иеленбеуі;- Оқушыларды олимпиадаға қатыстырудағы дайындықтың аздығы;- Жалпы білім беретін пән
олимпиадаларына аудандық, облыстық
кезеңге оқушылардың шыға алмауы. Қауіп-қатер:- Оқушылардың компьютерге, ұялы телефонға тәуелділігі, - Теориялық білімді практикада дұрыс қолдана алмауы.- Бала тәрбиесінде жас ата-аналар жауапкершілігінің төмендігі- Өзара сабаққа енуде мұғалімдер аз қатысуы- Оқушылармен жеке жұмыс жасап, дайындауда әлі де мән берілмеуі;- АКТ мүмкіндігін пайдаланбауы.