Директордың жылдыққ есебі » ОШ №36 им. Саурамбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"№36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Директордың жылдыққ есебі
10
июнь
2024

Директордың жылдыққ есебі

2023-2024 оқу жылына арналған мектеп директорының есебі.

   Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес  білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін  қорғау   мен қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен артықшылықтар, сондай-ақ заңдармен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен, әлеуметтік әріптестік туралы бас келісіммен, салалық тарифтік, аймақтық келісімдермен белгіленгеннен де оңтайлы еңбек жағдайларын жасауды көздейтін жұмыс беруші мен жұмысшылардың өзара міндеттемелерін анықтау мақсатында жасалған. 

Мектепте 25 қызметкер бар: 15 мұғалім, 10 техникалық қызметкер. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мектепте еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссия құрылған. Комиссия құрамы теңқұқылы бастамада әр тараптан сандық құрамы тең өкілдерден құрылады. Білім беру ұйымдары мен қызметкерлер арасында туындайтын барлық санаттағы жеке еңбек даулары,  еңбек дауының кез-келген тарапының өтініші бойынша, ҚР Еңбек кодексімен көзделген тәртіппен қаралады. 

Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен мектептің әкімшілігі тығыз байланыста жұмыс жасауда, барлық мектеп бойынша актілері  келісе отырып қабылданады:  

1) ішкі еңбек тәртіп ережесі;

2) оқу сабақтарының кестесі;

3) жұмыс кестелері;

4) демалыс кестелері;

5) педагог қызметкерлердің оқу жүктемесі;

6) аттестацияның сұрақтары;

7) біліктілік санатын көтеру туралы шешімдері; 

8) еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықтары. 

Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып қабылданатын актілер:

1) Еңбек жағдайларының өзгеруі туралы бұйрықтар;

2) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзу туралы бұйрықтар;

  1. жұмысшыларға мереке және демалыс күндерді хабарлау туралы бұйрықтар;

4)штаттық кестенің қысқаруы мен өзгеруі туралы бұйрықтар;

5)көтермелеу, марапаттау және тәртіптік шаралар туралы бұйрықтар;

 Еңбек шартының мазмұны, оны жасау, өзгерту мен бұзу тәртібі ҚР Еңбек кодексіне сай жасалынады.

Жұмыс беруші мен  зейнет жасына жеткен қызметкер арасында еңбек қатынастарын жалғастыру туралы өзара келісім болған жағдайда, жұмыс берушілер қолданыстағы еңбек шартын оқу жылы аяқталғаннан кейін бұзып, оны жыл сайын қайта жасауға құқылы.

 Мектепте жұмыспен қамту орталығына, enbek.kz сайтына және әлеуметтік желілерге мекемедегі  бос лауазымдар туралы мәлімет беріп, қызметкерлерге сұраныс жібереледі. 

Еңбек шартында ҚР ЕК 28 бабымен көзделген ерекше еңбек жағдайлары,  оның ішінде оқу жүктемесінің көлемі, жұмыс уақытының режимі мен ұзақтылығы, еңбек ақының мөлшері, жеңілдіктер мен өтемақылар және өзгелер көрсетіледі.

Еңбек шартындағы жағдайлар тек тараптардың келісімі бойынша және жазбаша түрде ғана, ҚР Еңбек Кодексімен белгіленген тәртіппен өзгертілуі мүмкін.

Педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесінің көлемі оқу жоспарындағы сағат саны, оқу бағдарламалары, кадрмен қамтылу, мекемедегі өзге де нақты жағдайларға сәйкес кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып белгіленеді. 

2023-2024 оқу жылында жұмыс істеп жүрген 15 мұғалімдердің жүктемелері: мұғалімде  -   16-20 апталық сағат, 5 мұғалімде   -   21-24 апталық сағат , 1 мұғалімде  –  24 сағаттан жоғары.

Педагогикалық қызметкердің оқу жүктемесінің мөлшері еңбек шартында белгіленеді және тараптармен қызметкердің жазбаша келісімі бойынша ғана өзгертілуі мүмкін. Оқу жүктемесін алдын ала бөлу жаңа оқу жылындағы сыныптар, топтар мен оқу жүктемесін анықтау үшін ағымдағы  оқу жылы аяқталғанға дейін және қызметкерлер еңбек демалысына кеткенге дейін жүргізіледі. Оқу жүктемесін мұғалімдер  әдістемелік бірлестік жетекшілерімен бірге өздері келісе отырып бөліп, мекеме басшысына ұсынады. Барлық  ӘБ мұғалімдерінің, кәсіподақ төрағасының пікірі ескеріліп, бекітіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтардың бос немесе уақытша бос  лауазымына тағайындау  үшін арнайы   конкурс ұйымдастырып, үміткерлердің құжаттарын қарап, тағайындауға ұсынатын  комиссия құрамын бекітіп, комиссияның шешімі арқылы  мұғалімдерді қабылдау жүргізіліп жатыр.

Қызметкерлердің кәсіби даярлығы, қайта даярлау  мен біліктілігін арттыру бойынша: 2023-2024 оқу жылы педагогикалық ұжымнан педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 

Аттестация нәтижелері. 2023 жылы аттестаттауға қаңтар-мамыр аралығында 7 мұғалім өтініш білдірген. Педагог-модератор біліктілік санатына 3,педагог-зерттеуші-1,педагог-сарапшы -3.

Жалпы мектеп бойынша педагог саны -15 ; оның ішінде : 

Жоғары білімі- 14

Арнаулы орта білімі -1

 1 мұғалім педагог-зерттеуші  мектеп мұғалімдерінің 6,6 пайызын, 3 мұғалім педагог-сарапшы  мектеп мұғалімдерінің 19,9 пайызын, 5 мұғалім педагог-модератор мектеп мұғалімдерінің  33,3 пайызын құрайды. Педагогтерге берілген тиісті біліктілік санаттары үшін төлемдер мен  қосымша ақылар оқу жылының 1 қыркүйегі мен 1 қаңтарынан жүргізіледі. 

     Педагогтердің білікітілігін арттыру, өз білімін көтеру, мектепішілік, аудандық, облыстық деңгейде өткізілетін әдістемелік семинарларға, тәжірибе алмасу конференцияларға, әр түрлі байқауларға қатысып, оқушылардың білім сапасына оңтайлы әсерін тигізуде. 

Білім сапасының көрінісі:

Оқу жылдары

Оқушылар саны

үздіктер

екпінділер

орташа

Білім сапасы

Үлгерімі

2023-2024

41

13

14

10

72%

100%

Жұмыс уақыты және демалыс уақыты:

Қызметкерлердің жұмыс уақыты жұмыс берушінің бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен келісе отырып бекіткен мекеменің ішкі еңбек тәртібі ережелерімен, сабақ кестесімен, жылдық күнтізбелік оқу кестесімен, ауысым кестесімен, сондай-ақ еңбек шартымен, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары және оларға мекеме жарғысымен (ереже) жүктелген міндеттемелермен белгіленеді.

Басшы қызметкерлер, мекеменің әкімшілік-шаруашылық, оқыту-көмек беру және қызмет көрсету құрамының қызметкерлері үшін аптасына 40 сағаттан аспайтын мөлшерлі жұмыс уақытының ұзақтылығы белгіленеді. 

Еңбек ақы мен еңбек нормалары:

Мектептің қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамаларының негізінде жүргізіледі.  Қызметкерлерге еңбек ақы әр ай сайын, өткен айдан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірілмей беріледі. Ай сайын айлық есептік көрсеткіш қағазы беріледі. 

Еңбек пен денсаулықты қорғау: 

ҚР ЕК 201,203 бабына сай мектепте еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі ішкі бақылау ұйымдастырылған және еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылған.

2023-2024 оқу жылында барлық мұғалімдер мектептің дамуына үлесін қосып, облыс көлеміндегі  мектептің рейтингісін көтеру үшін көптеген жұмыстарды  атқарып, әр түрлі байқауларға белсене қатыстып, оқушылар арасында:

Республикалық – 24

Облыстық – 0

Аудандық – 13

Мұғалімдер арасында:

Халықаралық - 0

Республикалық – 9

Облыстық – 5

Аудандық - 22

 жүлделі орындарға ие болды. 

Оқушыларға  білім беріп  қана қоймай,   «Мектеп, бала, ата-ана болып, үштік одақ   ретінде  бала тәрбиесіне аса  көп көңіл бөлінеді. Ата-аналармен біріккен жұмыстар жүргізілуі тоқтаған емес. «Даналық мектебі» қоғам ынтымақтастығы  құрылып, өзара  тығыз байланыста жұмыс жасалып, ата - аналармен серіктестік жылдар бойы жалғастырылуда.

Бір тұтас тәрбие жоспарындағы  3 бағыт бойынша, ұлттық мүдде,ар-ұят,талап бағыттары жүзеге асыру мақсатында көптеген тәрбиелік іс-шаралар өткізілуде. Құқықтық тәрбие бағыты бойынша оқушылармен жұмысты күшейту қолға алынған. Аудандық кәмелетке толмаған инспекциясының есебінде тұрған оқушы жоқ.

Мектепте оқушыларға, қызметкерлерге жайлы жағдай жасау мақсатында материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жасалынады.Мектептің   ішкі-сыртқы жұмыстары жөндеуден өтті. Сонымен қоса спорт зал және мектептің асханасы жөндеуден өтті. Мектепте 2 нүктеден интернет желісі іске қосылған.Астел интернетнің жылдамдығы келісім шарт бойынша 8мб,с құраса іс жүзінде 4мб,с құрайды.2024 жылдың 2 сәуір күні STARLINK интернет жүйесі орнатылды.Интернеттің жылдамдығы келісім шарт бойынша 150мб,с құраса,іс-жүзінде 50мб,с құрайды.Мектепте жалпы 10компьютер жиынтығы,5ноутбук,2 тройка жиынтығы,1интерактивті тақта,1 интерактивті панель бар. 2006жылғы 2 компьютер істен шығып тұр.Білім алушыларға 10 компьютер,әкімшілікке 2 компьютер,мұғалімдерге 3компьютер жұмыс істейді.

   Жалпы мектептің ұжымы бекітілген жоспар бойынша, мақсатқа жету барысында жұмыла әрі белсенді жұмыс жасау арқасында жемісті нәтиже көрсетіп, жұмысын жалғастыруда.


Похожие публикации:

23 январь 2023 Кәсіподақ
20 октябрь 2022 ақпарат
10 октябрь 2022 ақпарат
01 сентябрь 2023 мұғалімдер