10
октябрь
2022
ақпарат
10 қазан кәсіподақ күніне орай мектебіміздің кәсіподақ төрайымы Ашимова Асель Қуатбекқызы "Бірлікке үндеген кәсіподақ" тақырыбында салтанатты жиын өткізді.Салтанатты жиында кәсіподақ күнінің маңызы насихатталды, кәсіподақ билеті тапсырылды.
Кәсіподақтың жұмысында әлеуметтік әділдік - басты басымдылық болып табылады!
Қазіргі таңда жұмысшылардың экономикалық және әлеуметтік құқын қорғау өзекті мәселелердің бірі.
Негізгі мақсаты: Кәсіподақ мүшелерінің, сондай-ақ жалпы еңбек қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру және әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету болып табылатын жұмысшылар мен жұмыс берушінің еңбекке байланысты арақатынасын реттеп отыратын заңды және тәуелсіз өкіл болып отырған Кәсіподақтың арқалап отырған жүгі ауыр.
Сондай ақ салтанатты жиында 2022-2023 оқу жылында келген жаңа жұмыскерлер кәсіподақ мүшелігіне қабылданды.