Ақпарат » ОШ №36 им. Саурамбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"№36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
сентябрь
2022

Ақпарат

14.09.2022 күні
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Мектепке тағзым», «Жомарт түлек» жобасы бойынша «Ауылым-алтын бесігім» атты іс-шара өткізілді. Өздеріңіз білетіндей осыдан екі ай бұрын тілсіз жау табиғат апат болып, ауылымызда сел жүрді, соның салдарынан ауыл тұрғындары көптеген зардап шекті, мектебіміздің көпірін су шайды. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Ауылымызға көмек қолын созған азаматтарымыз көп болды, ал көпірді қалпына келтіру жұмыстарын мектебіміздің демеушісі, түлегі Талғат Ахметбекұлы өз мойнына алды және аталған іс-шарамыз қалпына келтірілген көпіріміздің ашылу салтанатына арналады.
Республикалық «Мектепке тағзым» жобасы мектебімізде дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып келеді. Осы жоба аясында ұйымдастырып отырған «Ауылым-алтын бесігім!» атты іс-шарамызға
Жамбыл облысы білім басқармасы, Қордай ауданы білім бөлімінің басшысы Аширбеков Санат Сағымбекұлы, туған жерге қамқорлығын аямай, аялай білейік деген ниетпен аудандық маслихат депутаты Сарсенбаев Талғат Ахметбекұлы, мектебіміздің түлегі, «Мектепке жол», «Жомарт түлек», «Мектепке тағзым» акцияларының демеушісі Абдраманов Асқар Елібекұлы қатысты.

«Ауылым алтын бесігім!» атты іс-шара «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, тілдер апталығының ашылуына орай оқушыларымыз жоба бойынша 20 минуттық оқу сағатында үш тілде жаттаған әндерімен мен жыр шумақтарымен жалғасты.
«Мектепке тағзым» Ауылым алтын бесігім атты іс-шарамызды ұйымдастыруға ұйытқы болып, қол ұшын беруге ат салысып Жамбыл облысы білім басқармасы, Қордай ауданы білім бөлімінің басшысы Аширбеков Санат Сағымбекұлына «Жақсының тамыры тереңде, оны ешкім шаба алмас, көлеңкесі көктен, нұрын шашар еліне- деп текке айтылмаса керек, іс-шарамыздың басты себепшісі болып отырған демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз.
Іс-шара соңында ауыл ақсақалдары, тұрғындары өз алғыстарын жеткізді.

Осындай қайырымдылық акциялары, «Жомарт түлек» «Мектепке тағзым» жобаларымыз әлі де өз жалғасын таба береді деп сенеміз.