25
сентябрь
2019
Тарихымыз
Қордай асуының ар жағында сарқырай ағып жылжыған «Ырғайты өзені» жатыр Ол батыс өлкені бетке алып ұзай береді. Осы өзенің бойында «Шарбақты» деген ауылда, (бұрынғы атауы «Бірік» деген ауылда) 1910 жылы шілде айында Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев дүниеге келеді. Нығмет жас шағында ауыл молдасына барып, бірлі – жарым сабақ алған болуы керек. Дегенмен, ол 15 жасына дейін «Қасық» деген ауылдық мектепте оқып, негізгі білімді содан алады. Ауыл мектебінде алған білімді қанағат тұтпай, Н.Сауранбаев құлашын алысқа сілтейді. Тумасынан зерек жаралған бала тез талпынады, терең ойлайды. «Талаптың мініп тұлпарын» Алматыға аттанады.
1925жылы Оқу-ағарту институтының дайындық курсына түсіп, онда 3 жыл оқып, бітіріп шығады.
1928 жылы Сол институттың негізгі курсына ауысады, яғни оның шын мәніндегі студенті болып қабылданады. Келесі жылы 1929 ж институт Қостанай қаласына көшіріледі. Нығмет Сауранбаев институт коллективімен Қостанайға барады да институтты сол жерде 1932 жылы бітіріп шығады.
Осы жылдан бастап Нығмет Сауранбаевтың қоғамдық-педагогикалық қызметтерінің беттері ашылады. Ол әуелі Халық Ағарту Коммиссариятында инспектор болып жұмыс істейді. (1932-1934). Одан әрі Нығмет Сауранбаев біраз уақыт Виннице қаласында Қызыл Армия қатарында болады. Сонда жүріп бұрынғы білімдерін жетілдіре түседі. Өз бетімен дайындалып, Москвадағы Герцен атындағы Мемлекеттік Педагогикалық Институтының филология факультетінде сырттай оқиды. Пулеметшілер взводының командирі ретінде Н.Сауранбаев біраз жылдар өткен соң (1937) кіші лейтенант деген әскери атаққа ие болады. 1934 жылы Нығмет Сауранбаев осы аталып отырған институттың І және ІІ курстарының екеуіне бірдей қатар емтихан тапсырады да, оның ІІІ курсына қабылданады. Дәл осы жылы ол РСФСР Оқу –Ағарту Комиссариатының жанындағы Ғылыми зерттеу Институттың Ленинградтағы бөлімшесіне барып аспирантураға түседі.
1939 жылы Ол Халық Комиссарлар Советінің жанындағы Терминологиялық комитетінің ғылыми хатшысы болып қызмет атқарды. Қазақ әдеби тілінде жаппай шығып, қаулап келе жатқан ғылыми-техникалық жаңалықтар мен әлеуметтік-мәдени табыстар тудырған, көп салалы терминдерді бір ізге түсіріп, белгілі форма мен тұрақты мағынада қолдану үшін және оларды қалыптастыры, күнделікті өмірдің игілігіне асыру үшін арнайы құрылған. Терминологиялық комитет жұмыстар тарауын жүзеге асырып отырды.
Орта мектеп пен педучилищелердің оқу программалары бойынша оқулықтар – қазақ тілі грамматикаларын жасады. Республикамыздағы оқу ісін жақсарту жұмыстарына тікелей көмегін тигізеді.
1941 жылы Н.Т.Сауранбаев СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалының алғаш ұйымдасқан Тіл, әдебиет және тарих институтының тұңғыш директоры болып белгіленіп, ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарының сапасын арттырып, мазмұнын тереңдете түсу үшін ғылыми күрестер жүргізеді. Тіл, әдебиет және тарих ғылымдарының даму перспективаларын қарастырып, болашақ бағдарын «Тіл мен әдебиет сериясын» ұйымдастырып, оның тиісті дәрежеде және дер кезінде шығып тұруына зер салады. Редакторы, редколлегия мүшесі болады., басшылық етеді.
СССР Ғылым Академиясының Қазақстандық базасы 1932 жылы Құрылған болатын. Қазақ тілі мамандары осы базаның қарамағында қызмет істейтін.
1936 жылы қазақтың «Ұлт мәдениеті» институты ұйымдасып, оның құрамына тіл мамандары, әдебиетшілер мен тарихшылар енді. 1941 жыл ол Тіл, әдебиет және Тарих Институты болып құрылды. 1946 жыл Тарих Институты өз алдына бөлініп шығып, қалған институт Тіл мен әдебиет Институты деп аталды. 1961 жыл ол Тіл білімі Институты, Әдебиет және Өнер Институты болып екіге бөлінді. Тілшілер жұмыс істейтін ғылыми мекеме күні бүгінге дейін осылай аталып келеді.
Ғылыми ұйымдастыру жұмыстарымен қатар Н.Т.Сауранбаев ғылыми-зерттеу жұмыстарын да бірге жүргізеді. Тіл білімінің әр алуан мәселелерін талдап, теориялық қорытындылар жасау барысында ат салысып отырады.
1940 жыл Ол «Қазақ тілінде көсемшілердің сематикасы мен фунциялары» деген көлемді еңбек жазып бітіреді (орыс тілінде) Еңбек бүкіл совет тюркологиясында осы тақырыпқа жазылған бірінші монография еді. Ленинградтың Н.Я.Марр атындағы Тіл мен ойлау Институты Н.ТСауранбаевқа осы еңбегі үшін филология ғылымдарының кандитаты деген ғылыми дәреже береді. Қолжазба «Қазақ тіліндегі көсемшелер» деген атпен 1940 жылы жарияланады да, кейінірек (1944 ж) орыс тіліне аударылып қайта басылады.
1943 жылы Н.Т.Сауранбаев «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі» деген тақырыпта декторлық диссертация қорғайды. Сөйтіп, ол қазақ лингвистерінің арасынан докторлар тобын бастауға рұқсат (право) алады. 1948 жыл бұл еңбегі өз алдына кітап болып басылып шығады.
Н.Т.Сауранбаев кандидаттық диссертация қорғаған.
Шарбақты ауылындағы мектептің тарихы 1932 жыл басталады. «Ақтас» 8 жылдық мектебі деп аталған. 1968 жылы мектеп жаңа ғимаратқа көшірілді. Жоба бойынша мектеп 160 оқушыға салынған. 1973 жылы мектепке академик Н.Т.Сауранбаевтың есімі берілді.