Зерттеу сабағы » ОШ №36 им. Саурамбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"№36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
октябрь
2023

Зерттеу сабағы

10-қазан күні таңдап алынған 2- сыныппен «Дауыссыз б мен п» тақырыбындағы 2-ші зерттеу сабағын өттім. Зерттеу сабағында Сапарғалиева М.Е, Ашимова А.К,  Сейдалиева Л.Ж бақылаушы болды.
Сабақ психологииялық ахуал орнатумен басталды. Оқушылар «Шарды тос» әдісін пайдаланып бір-бірімен жақсы қарым –қатынас тудырып, шарды тосып алып отырды.“Қан қыз”   арқылы сыныпты 2 топқа бөлдім. Үй жұмысын «Мен саған, сен маған» әдісі бойынша тексердім. Оқушылар дәптерлерін көршілерімен алмастырып, үйден орындап келген есептерін тексерді. Тақтадан дұрыс орындалу жолын көрсеттім. Өткен сабақты пысықтау мақсатында «Кім жылдам?» ойынын ойнаттым. Бұл ойында С деңгейлі  оқушы жақсы қатысты. Ойын жинақтап жеткізе алды. Бұл ойын оған қызық әрі оңай болды. А деңгейлі ЕЖ сұрақтарға жауап беріп белсене қатысты. Жаңа сабақты бастау үшін тақтаға «Венн диаграммасын» іліп, оқу мақсатын аштым.   Осы стратегия бойынша үлгерімі төмен оқушыларға арналған сұрақтар қойып, тапсырма бердім. Қателескен С деңгейлі оқушыға көмек бере отырып, ережені толықтырды. С деңгейлі оқушы тапсырманы көмекпен орындады. А деңгейлі оқушы  тапсырманың бәрін толық орындаған, демек, тақырыпқа толық түсінген.  Алдыңғы сабақта оқушылардың барлығына ұнаған «Қар кесегі» топтық жұмысында В деңгейлі оқушы жанындағы оқушымен бірге тапсырманы жақсы орындап шықты. Жалпы сынып жақсы қатысты. А деңгейлі оқушы сабақ материалын толық көлемде меңгерген, өзін көшбасшы ретінде таныта білді. С деңгейдегі оқушы топта белсене жұмыс жасай алмады, себебі берілген тапсырма оған қиындық туғызды, күрделі тапсырмаларды орындағанда қателер жіберді. Топтық жұмыс кезінде бұл оқушының белсенділігі мен қызығушылығының төмендігі байқалды. Жеке басына арналған тапсырмалар орындау кезінде ерекше белсенді болды. С деңгейдегі оқушы РН сабақ барысында  тек өзіне берілген жеке тапсырмаларды ғана орындады. Ізденіп топтан көмек сұрамады. Келесі сабақта осы С деңгейлі оқушыға арналған қосымша оңайлатылған тапсырма дайындап келу керек екенін түртіп алдым. Бұл  сабақтағы тапсырмалар орындауда жұппен ақылдаса орындауға арналған тапсырмалар мен топтық жұмыс ерекше орын алды. Бұл кезеңде оқушылардың нәтижесін жақсарту үшін сабақта проблемалық сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып қою, топтар арасында бәсекелестікті арттыратын тапсырмалар беру, АВС деңгейіндегі оқушыларға жекелеген тапсырмалар дайындау сияқты ұсыныстар айтылды. Бұл айтылған пікірлер келесі  өткізілетін зерттеушілік сабақ жоспарларына енгізілді.
Сабақтан соң таңдап алынған оқушылардан сұхбат алынды. Олар сабақ туралы өз ойларын айтты. Қызығушылық болған жерде білім сапасы да артатынына күмәнім жоқ, сондықтан оқуышыны қызықтыратын тапсырмаларды көбейту керек, «Қар кесегі» сияқты ойындарды көптеп ұйымдастыру қажет.

Похожие публикации:

23 октябрь 2023 Әдістемелік жұмыс
19 октябрь 2023 Зерттеу сабағы
11 октябрь 2023 Зерттеу сабағы
09 октябрь 2023 Зерттеу сабағы
14 октябрь 2022 Ақпарат