23
октябрь
2023
Әдістемелік жұмыс
Сабақтың тақырыбы: «Шш дыбысы мен әрпі»
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
1.1.2.1* көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау;
1.2.1.2* оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.3.5.1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзету;
Сабақтың мақсаты: Шш дыбысы және әрпін таныстыру, меңгерту
Құндылықтар: Талап: қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту
Сабақтың басы оқушылардың «Ыстық алақан» әдісі арқылы бір-біріне тілек айтумен басталды.
Өткен сабақты пысықтау үшін «Алақан» әдісін пайдаландым, оқушылар «Дд» дыбысы мен әрпін біледі,қолданады, сөздерді жеке, түтас оқыды.
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін ФС тапсырмасын, яғни сурет мазмұны бойынша әңгіме құрды. Әр орындалған тапсырмадан кейін оқушыларды мақтап, стикерлермен мадақтап отырдым. Шш дыбысының айтылу ерекшелігімен танысты. Шш дыбысының таңбасы оның әрпімен танысты және ауада жазып көрсете алды.
Оқулықтың 46 бетінде берілген сөздер мен мәтінді оқушылармен бірге буындап оқыдық.
Шш әрпін тақтаға жазып көрсетіп барып жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды бұлжытпай көркем, таза жазып шықты. ЕҚБ сөздерді тақтаға жазып, дыбыстық талдау жасады.
Сергіту сәті де тіл ұстарту жаттығуымен қызықты болды. Сабақты қорыту барысында ҚЖ «Көңілді бақа» әдісін қолдандым және балаларды тәттілермен марапаттадым.
«Ауа райы» әдісімен балалар кері байланыс жасап, өздерінің сабақты жақсы меңгергендерін білдірді. Сабақ өте қызықты өтті.