24
ноябрь
2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
«Үздік оқырман отбасы»байауы
Мақсаты:
Мектепішілік байқауға 9-сынып оқушысы Сулеев Нуридин ата-анасымен, 8-сынып оқушысы Садуақас Бақыт анасымен қатысты. Сайыс 4 турға бөлінді: өзін-өзі таныстыру, сүйікті кітап туралы айтып беру, тізімде берілген кітаптардан мәнерлеп оқу немесе көрініс беру. Ең соңғы турда „Әдебиет аукционында“ сайыскерлер авторлар, персонаждар және қай шығармадан үзінді екенін көрсетті. Барлық отбасылар белсене қатысып, дайындықтары жоғары деңгейде екенін көрсете білді. Қатысушылар әр түрлі номинация бойынша мақтау кағазымен марапатталды: «Ынтымақты отбасы» - Сулеевтер отбасы, «Үздік оқырман отбасы» - Садуақастар отбасы иеленіп аудандық байқауға жолдама алып аудандық байқаудан жүлделі орынға ие болды.
Садуақас Бақыт анасы және бауырларымен бірлесіп кешқұрым алтын уақыттарының бір мезгілін кітап оқуға арнайтындарын айтып көрсете де білді.
Байқау барысында ұлттық құндылықтарды жаңғырту, дәріптеу, ел руханиятын көтерген тұлғалардың тағылымды шығармашылығымен таныстыру және балаларға арналған әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Кітап-сарқылмас байлық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты:
- Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастьыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету;
- Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
- Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.