«Оқуға құштар мектеп-табысты мектеп» » ОШ №36 им. Саурамбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"№36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп-табысты мектеп»
14
февраль
2024

«Оқуға құштар мектеп-табысты мектеп»

«Оқуға құштар мектеп-табысты мектеп» 
Құндылығы: Талап
Мақсаты:  Өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем шығармаларды оқуға насихаттау, кітапханаға келуші оқырман санын ұлғайту. Ата-аналармен тығыз байланыс орнату.
«Оқуға қуштар мектеп» жобасы дегеніміз не және ол оқырмандарға не береді? Міне осы сұрақтарға жауапты жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысында талқыланып жауаптар алынды.
Кітапханашы Ләззат Жұмағалиқызы 2023-2024 оқу жылындағы мектеп кітапханасының статистикасымен таныстырып оқушылар 100% оқулықтармен қамтылғандығы туралы мәлімет берді. Сондай ақ мектеп кітапханасының қоры жаңадан басылып шыққан көркем әдебиеттерменде толықтырылғандығы туралы айта отырып ата-аналарды кітапхананың белсенді оқырмандары бола алатындықтары жайлыда айтып кітап оқуға шақырды, сондай ақ ата-аналар мен ұстаздарды кітапхана ұйымдастырып отыратын іс-шаралардан да қалыс қалмауларын айттып, «Кітапханаға кітап сыйла» атты акцияға да қатысып өз үлестерін қосуына шақырды.
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: “Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн”, – деп әр тұлға оқуға тиіс деп санайтын отыз таңдаулы кітаптың ұсынған тізімімен де таныстырып өтті.