19
октябрь
2023
Зерттеу сабағы
Бастауыш сынып мұғалімі М.Е.Сапаргалиева 16,17,18 қазан күндері математика пәнінен зерттеу сабағын жүргізді.
3- сынып оқушыларының мәселе есептің шартын дұрыс құрып,формуланы қолданып,шешуге үйретуге, Лессон Стадиді ендіру, сонымен қатар пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін, бақылау дағдыларын дамыту мақсатында "ҚЫЗДАР" жаңадан құрылған топ мүшелері мен сынып жетекшісі Ж.Б Нуриевамен бірлескен түрде Lesson Study өткізілді.
Неге осы сынып таңдалып алынды? Себебі 3- сыныптарда мәселе есеп шығарудан қиналатын оқушылар бар. Зерттеу жүргізу үшін мұғалімдерінің бірлесуімен математика сабағында Lesson Study-ді өткізу жоспары құрылды.
Біз қатысушылар үш А, В, С деңгейіндегі оқушыларды таңдап алдық. А деңгейіндегі оқушы «Үлгерімі өте жақсы» Ж. есімді оқушы, В деңгейінде «Үлгерімі жақсы» Н. есімді оқушы, С деңгейінде «Үлгерімі орташа» Е. есімді оқушыны таңдап алып, талдау жұмыстарын жүргіздік. Әрбіреуіне мінездеме беріліп, жан-жақты қарастырдық. Зерттеуге қатысушы мұғалімдер төменде берілген карта бойынша оқушыларды бақылап отырды.
Нәтижесінде Lesson Study өткізу үшін «Білім сапасын арттыру мақсатында белсенді әдіс- тәсілдерді ендіре отырып, оқушылардың мәтін мазмұнын дұрыс жеткізе білу дағдыларын дамыту, өз бетімен жұмысын жетілдіру» тақырыбы таңдалды.
Мынадай күтілетін нәтиже анықталды:
- Мәселе есептің шартын формуланы қолдану арқылы құрады;
-Шешу жолдарын дұрыс орындайды;
- Өз бетінше жұмыс жасайды;
-Білім сапасы артады.
Lesson Study үш цикл бойынша өткізілді. 1-циклде алғашқы зерттеу сабағы бірлесіп жоспарланып, өткізілді, сабақ соңынан оқушылармен сұхбат жүргізіліп, олардың пікірлері ескеріле отырып, зерттеу жүргізуші мұғалімдер бірлесе талдау жасап, келесі зерттеу сабағы бірлесе жоспарланып отырды. Осындай іс-әрекет әрбір зерттеу сабағынан кейін қайталанып отырды.