09
октябрь
2023
Зерттеу сабағы
9-қазан күні таңдап алынған 2 сыныппен «Дауыссыз б мен п» тақырыбындағы 1-ші зерттеу сабағын өттім. Зерттеу сабағында Сапарғалиева М.Е, Ашимова А.Қ, Сейдалиева М.Е бақылаушы болды.
Сабақ ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында «Ыстық алақан» әдісінен басталды. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, көңіл-күйлерін, назарларын сабаққа аудардым. Үй жұмысын «Мен саған, сен маған!» әдісі бойынша тексердім. Оқушылар дәптерлерін көршілерімен алмастырып, үйден орындап келген жаттығуларын тексерді. Өткен сабақты пысықтау мақсатында «Кім жылдам?» ойынын ойнаттым. Бұл ойында В деңгейлі ЕА оқушы жақсы қатысты. Ойын жинақтап жеткізе алды. Бұл ойын ЕА-ға қызық әрі оңай болды. А деңгейлі ЕЖ сұрақтарға жауап беріп белсене қатысты. 1,2,3 арқылы сыныпты 3 топқа бөлдім. Жаңа сабақты бастау үшін б,п әріптерін жазып оқу мақсатын таныстырдым. «Қар кесегі» жұмысында А деңгейлі ЕЖ оқушы жанындағы оқушымен бірге тапсырманы жақсы орындап шықты, сәл де болса толықтыратын жерлері болды. 1-топ жақсы қатысты. Оқушылар сұрақ құрастырды, сол бойынша сұрақтарға жауап дерді. А деңгейлі оқушы сабақ материалын толық көлемде меңгерген, тәжірибелік жұмысты жақсы орындап шықты, өзін көшбасшы ретінде таныта білді. В деңгейдегі оқушы топта белсене жұмыс жасады және өзі өзгелерге түсіндіре алды, тапсырманы толық көлемде меңгерді, тек күрделі тапсырмаларды орындағанда (сұрақ құрастырғанда)қателер жіберді. Топтық жұмыс кезінде бұл оқушының белсенділігі мен қызығушылығының артқаны дәлел болды. Жеке басына арналған тапсырмалар орындау кезінде ерекше белсенді болды. С деңгейдегі оқушы РН сабақ барысында қысылып сабаққа атсалыспай отырды.
Бұл сабақтағы тапсырмалар орындауда жұппен ақылдаса орындауға арналған тапсырмалар мен жеке жұмыс ерекше орын алды. Бұл кезеңде оқушылардың нәтижесін жақсарту үшін сабақта проблемалық сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып қою, топтар арасында бәсекелестікті арттыратын тапсырмалар беру, АВС деңгейіндегі оқушыларға жекелеген тапсырмалар дайындау сияқты ұсыныстар айтылды. Бұл айтылған пікірлер келесі өткізілетін зерттеушілік сабақ жоспарларына енгізілді.
Сабақтан соң таңдап алынған оқушылардан сұхбат алынды. Олар сабақ туралы өз ойларын айтты. Осы зерттеу сабағын ескере отырып, өз сабақтарымда көбірек осылай жүргізсем оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артатынына сенімді болдым. Қызығушылық болған жерде білім сапасы да артатынына күмәнім жоқ.