Ақпарат » ОШ №36 им. Саурамбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"№36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
октябрь
2022

Ақпарат




Құрметті ата аналар!!!
Сөз энергетикасы – қатынасқа реңк береді.Практикалық өнегемен қатар сөзбен әдіптеу де энергетикалық әсері зор құрал екенін есте тұтқан абзал. Бала күнделікті 5-8 мәрте жақындарының құшақтауын, себепсіз әңгімелесуін қажет етеді. Мұндағы басты қағида шынайы болу. Сол кезде мына сөздерді қолданған дұрыс:
Мен саған сенемін!
Мен өзіңмен мақтанамын!
Кез келген сәтте өзіңмен біргемін!
Ақылдым сол..! Ақылыңнан айналайын!
Мен өзіңмен ақылдасқым келеді;
Мұның да дұрыс шығар;
Сенің де қателесуге хақың бар;
Маған… (баланың бір қасиет-ерекшелігі) ұнайды;
Менен кез келген нәрсе туралы сұрауыңа болады;
Сені ұрыссам да, жақсы көремін;
Неге бұлай болды деп ойлайсың?
Ата-анамен қарым-қатынас баланың психикалық мінез-болмысын, ой-түсінігін, әлеуметтік ортадағы рөлін қалыптастыруда алғышарт. Бұдан да маңыздысы, бала бойынан, өзін-өзі ұстауынан ата-анасымен қарым-қатынас деңгейін көруге болады. Яғни әке мен шешенің бірін-бірі толықтырып, ортақ тәрбиелеуі бүлдіршіннің қоршаған ортасына сенімін, сезім-күйін қалыптастырады.

#психологкеңесі
#мектеппсихологы