21
март
2022
Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектептің директоры Ажибекова Баян Жеңісқызының құттықтауы
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі де келіп жетті, елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!Сіздерге деген шын жүректен тілектерімізді қабыл алыңыздар. Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін.
Наурыз мерекесі құтты болсын!
Ізгі тілекпен: Баян Жеңісқызы.