01
сентябрь
2021
Баян Жеңісқызының құттықтауы
Құрметті әріптестер, ата-аналар, ұстаздар!Сіздерді дәстүрлі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын.
Адам өміріндегі сарқылмас қазына-ол білім. Адам баласы барлық арман, мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. Бүгін барлық білім беру мекемелері есіктерін айқара ашып, білім нәрімен сусындауға келген Отанымыздың жастарын, бүлдіршіндерін құшақ жая қарсы алуда.
Бүгінгі оқушы- білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, үштілді еркін меңгерген тұлға болуы керек. Сондықтан біздер ұстаздар аянбай еңбек етуіміз керек. Жаңа оқу жылында барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!
Ізгі тілекпен: Баян Жеңісқызы