АБАЙДЫҢ «Толық адам» ілімі » ОШ №36 им. Саурамбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"№36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АБАЙДЫҢ «Толық адам» ілімі
13
февраль
2024

АБАЙДЫҢ «Толық адам» ілімі

АБАЙДЫҢ «Толық адам» ілімі
Мақсаты:    1. Ұлы Абай мұрасы арқылы, оның толық адам туралы тағылымы негізінде оқушыларға Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету.
2.  Абай мұрасының ішіндегі «қара сөздерді» рухани байлық және Абай ақыл ойының тереңге тамыр тартып, ғұмырдың әр қырынан ой қортқан философиялық талғамының туындысы екенін дәлелдеу.
Құндылықтар: Ұлттық мүде
       «Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында мектебімізде Абайдың «Толық адам» ілімі атты ісшара   өткізілді. 
Іс-шара психологиялық ахуал атмосферасы арқылы ұстаздармен амандасумен басталды. Абайдың философиялық толық адам концепциясын оның қара сөздерімен айқындауға болады. Абай көп жылдар бойы жанын толғантқан мазасыз ойын , іздегені мен тапқанын, үрейі мен жанталасын, қапасы мен қуанышын, рух ұмтылысы мен азапты өмірін, көңілін көгендеген ыза мен құлшылығын жиып жазған.
Адамзат өркениетіндегі барлық игі қасиеттер: дін, иман, ғылым, білім, тәрбие, әдеп, өнер, құқық, іскерлік, тапқырлық, қайраткерлік, азаматтық, жомарттық, әділеттік, т.б. бойында жетілдіре білген, дамытқан адам – Абай ұсынған «толық адам» концепциясына толық лайықты бола алады.
Іс-шарада ұстаздар өз ойларын, пікірлерін ортаға салып, оқушыларға дұрыс жеткізу жолдарын қарастырып, сынып сағатынан тыс іс-шара ұйымдастыратындықтары туралы шешім қабылдады, жоба өз жолын дұрыс табады деген ойдамын.



Похожие публикации:

18 февраль 2020 Іс-шаралар