22
ноябрь
2021
"Жомарт түлек" жобасы
"Жомарт түлек" жобасы аясында мектебімізде 23.10.21ж Ахметбек Қарлығаш пен кездесу өткізілді. Қарлығаш аулымыздың мектебінде 1-2 сыныпты оқыған. Алғаш қолына қалам ұстауды үйреткен, ардагер ұстазымыз Жамал Асылхановна. Кейін Қордай ауданының музыкалық мектебінде оқуын жалғастырған. Кейін өзі қалаған маман иесі болу жолында, шетел асып Қарлығаш Гонконгта SCAD өнер және дизайн университетінің түлегі атанды. Аулымыздың мектебіне келіп өзінің "Бейне" атты жобасымен 3 күн оқушылармен шығармашылық жұмыс жасады. Өз шығармашылық жобасын, өз туған жерінен бастап, оқушыларға көптеген кәсіптік бағдар, мотивация берді. Оқушылармен тығыз байланыста болып, соңында көрме ұйымдастырдық. Көрмеге келген оқушылармен ауыл тұрғындары керемет көңіл күйде болды. Көрмені Қордай ауданының белгілі домбырашы Қанат мырза мен Нұрбек мырза, Қарлығаштың бауырлары одан әрі әсерлі етіп, өз туындыларын орындады.





