30
май
2023
«Жомарт түлек» жобасы бойынша «Мектепке тағзым» акциясы
30.05.2023ж. күні мектеп біргендеріне 40 жыл толған түлектермен кездесу ұйымдастырылды. Халқымызда «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың» деген қанатты сөз бар. Туған жерге туын тігіп, қасиетті жердің даңқын асырып, түлетуге атсалысып жүрген азаматтар біздің елде де баршылық. Әсіресе, бұл үрдіс кейінгі жылдары мектеп түлектері арасында кең қанат жайып келеді. Соның бір көрінісі «Жомарт түлек» жобасы бойынша «Мектепке тағзым» акциясы Шарбақты ауылында әр жылы мектебімізде жалғасын тауып, осыдан тура 40 жыл бұрын Шарбақты ауылдық №36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебін тәмамдаған ұл-қыздар күні кеше алтын ұясына қайта оралды. Өткен шақты еске алған түлектер өздері оқыған мектеп сыныптарын аралап, қызықты күндерін еске алды. Тұрсынбаева Гульмира бастатқан Көмекбаева Шынара, Жақыпбекова Гульнара, Нұрбекова Гульнара,. Шайдильдина Бибигул, Сахаева Айман, Шерекшиева Алия, Белғожаева Гульмира, Балабеков Талғат, Абдраманов Серғазы, Тналиева Алия, Қуандықов Талғат, Бүрінбаева Зурәш, Алимов Нурлан, Атқаева Бақытгүл, Жаманкөзова Анара атты түлектеріміз білім алған мектебіне келіп, балалық шақтағы айта алмай қалған алғыстарын осы күні үйіп төкті. Алғаш әріп үйретіп, бастауыш сыныпта білім берген алғашқы ұстаздары түлектердің әрбірінің бала кезі көз алдында екенін айтып, оралмайтын күндерді сағынышпен еске алды. Жалпы, Шарбақты ауылы кішкентай болғанымен бұл ауылдан атқамінер азаматтар көп шыққан. Барлығының бір бүйрегі ауылға бұрып тұратыны рас. «Жомарт түлек» жобасы бойынша сыйлықтарын ұсынып, ризашылықтарын білдірді. «Азаматына қарап ауылын таны деген сөз тегін айтылмаса керек. Ауылдың әрбір түлегі туған жеріне, мектебіне осындай тамаша сый жасаса мектебіміз одан әрі ажарлана түсер еді. Бұл игі іс өзгелерге әбден үлгі деп айта аламыз «Бұл үрдісті бізден кейінгі түлектерге эстафета етіп қалдырамыз», — дейді мектеп түлектері.

