23
октябрь
2021
Құқық бұзушылықтың алдын алу
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналармен жүргізілген профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 2021-2022оқу жылындағы ерекшеліктері туралы Табиева А.Б айтты. Санитарлық жағдайлар, тазалық туралы, күн салқындағандағы вирустық жұқпалы аурулардың алдын алу туралы Алдибек А.Р баяндама оқыды. Мектептің ішкі тәртібі, оқушылардың сабаққа қатысуы туралы, құқық бұзушылықтың алдын алу туралы, каникул кезіндегі балалардың қауіпсіздігі туралы Аралбаева Г.М түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бейнероликтер көрсетті.Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналармен ЖПҚБ ЮПИ аға лейтенанты Абдимов Е.Б баяндама оқып, жұмыстар жүргізді.