"Жаз-2022" мектепішілік "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагері. » ОШ №36 им. Саурамбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"№36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жаз-2022" мектепішілік "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагері.
31
май
2022

"Жаз-2022" мектепішілік "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагері.


Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл — жаз маусымы. Үш ай демалыс кезінде балалар алаңсыз асыр салып ойнап, бір жасап қалады. Оқушылардың дені өздері оқитын мектеп жанындағы лагерьлерге баратыны белгілі. Осы орайда, лагерьдің ашылу салтанаты өтті.
Жасөспірімдер мен балалардың жаз мезгілінде денсаулықтарының сауықтырылып, өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шығармашылықтарын дамытып, өсіру — бүгінгі күннің басты міндеті. Биылғы жылы аудандағы барлық мектептерде жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын атқаруда. Мұнда балалар бір ауысым бойынша спорттық, тілдік бағыттағы үйірмелерге қатысады. Бала қабылдағанда әуелі ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы отбасы, көпбалалы, толық емес және аз қамтылған отбасының балаларына басымдық берілді. Лагерьге келген балалар әртүрлі шараларға қатысып, ой-өрістерін дамытып, талай-талай танымдық дүниелермен танысады.
Қалай десек те, жаз бойы балалардың көзден таса болмай, уақыттарын тиімді өткізуіне тек мектеп қана емес, ата-ана, жалпы қоғам болып атсалысуымыз қажет.
https://www.instagram.com/sharbakty_36_mektep/