Республикалық ғылыми әдістемелік және педагогикалық "Бастауыш мектеп" және "Қазақстан орта мектебі"журналының белсенді авторы,жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі жемісті еңбектері үшін ұстаздарымыз құрмет грамотасымен марапатталды.
Бастауыш 3-4 сыныптар арасында өткен "Анашым,жұлдызымсың жарқыраған !" атты аудандық шығарма байқауына қатысып жүлделі орынға ие болған Әбікен Әлімжан және Турдахунова Райля марапатталды.
Облыстық 2-7 сынып оқушылары арасында өткен "Зерде" зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының жеңімпазы Ермекбай Айару ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды
"ULY DALA USTAZY» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ғылыми-педагогикалық журналы ұйымдастырған «Үздік автор-2020»атты республикалық ғылыми-практикалық республикалық жобасының «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша Нуриева Жибек және Сапаргалиева Махаббат марапатталды.
"БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ!"атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы Өнер байқауының "Бейнелеу өнері" номинациясы бойынша І орын иегері Ізтелеу Диляра марапатталды.