Аудандық семинар
Жамбыл облысы білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің 2022 жылғы жоспарына сәйкес №36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебінде "Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында гуманитарлық пәндерді оқытудың белсенді нысандары мен әдістері" тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Мақсаты: Педагог қызметінің кәсіби құзырлығын қалыптастыруда, гуманитарлық пәндерді оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігін көрсету, тәжірибе алмасу. Семинардға 20 мұғалім қатысты.