Ақпарат » Страница 2 » ОШ №36 им. Саурамбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"№36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кәмелет жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу,түсіндірме жұмыстар
02
май
2024
Кәмелет жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын
Мектебімізде кәмелет жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторы Е. Қазақбайдың қатысуымен ата-аналармен және 7-9 сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Көгалдандыру жұмысы
30
апрель
2024
Көгалдандыру жұмысы
Мектебімізде көгалдандыру және ағаш отырғызу іс-шаралары өтіп жатыр. #біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_жамбыл #oqu_agartu_ministrligi 
«Оқу мен тәрбиеде ұлттық құндылықтарды дарытудағы іс-әрекеттегі зерттеудің ықпалы» тақырыбында үздік зерттеу аймағы байқауы
26
апрель
2024
«Оқу мен тәрбиеде ұлттық құндылықтарды дарытудағы іс-әрекеттегі
«Оқу мен тәрбиеде ұлттық құндылықтарды дарытудағы іс-әрекеттегі зерттеудің ықпалы» тақырыбында үздік зерттеу аймағы байқауы өтті. Мақсаты: іс-әрекетті зерттеуді жетілдіре отырып, мұғалімнің зерттеу тәжірибесін жақсарту, мұғалімге кәсіби қолдау көрсету, оқу мен тәрбие үдерісіндегі қордаланған мәселелерді шешу.  
«Оксидтер» тақырыбында ашық сабақ
04
апрель
2024
«Оксидтер» тақырыбында ашық сабақ
Жоғарғы сынып бірлестігі айлығының жоспарына сәйкес химия пәнінен «Оксидтер» тақырыбында ашық сабақ. Сабақтың мақсаты: оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін біледі. Олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады. Пән мұғалімі: Табиева Анар Берікбаевна Сынып: 8  
Жоғарғы сынып әдістемелік бірлестігінің «Білім бақтың жібермейтін қазығы,білімсіз бақ әлдекімнің азығы»  айлығы
01
апрель
2024
Жоғарғы сынып әдістемелік бірлестігінің «Білім бақтың жібермейтін
Жоғарғы сынып әдістемелік бірлестігінің «Білім бақтың жібермейтін қазығы,білімсіз бақ әлдекімнің азығы» тақырыбындағы салтанатты ашылуы. Мақсаты: оқушылардың қоғамдық гуманитарлық және жаратылыстану пәндеріне қызығушылықтарын арттыру.  
Сенбілік
26
март
2024
Сенбілік
«Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні ұлттық экологиялық науқанға арналған. Тазару күні – мемлекеттің экологиялық түйткілдерді шешуге бағытталған іс-шараларына азаматтарды қолдау білдіруі. Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді. Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Мерекенің мәні – қыстан көктемге көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауы осының нышаны.
Ұлыстың Ұлы күні-Әз Наурыз
19
март
2024
Ұлыстың Ұлы күні-Әз Наурыз
Наурыз мейрамы құтты болсын! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!  
«Шаңырақ» күні
17
март
2024
«Шаңырақ» күні
Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салт болған. Жалпы, Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы «Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар.  
Б.Майлиннің 130 жылдығы
13
март
2024
Б.Майлиннің 130 жылдығы
Б.Майлиннің 130 жылдығына орай мектебіміздің 5-9 сынып оқушыларымен кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды Б.Майлиннің жазушы өмір жолымен, шығармашылығымен тереңірек таныстыру,кітап оқуға қызығушылықтарын ояту.  
педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы таныстыру
12
март
2024
педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебінде педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы ҚР Білім және ғылым министірлігінің 2016 жылғы №83 бұйрығының өзгерістерімен педагогикалық ұжым таныстырылды.