12
апрель
2023
ақпарат
Шахматтан республикалық челлендж өткізу
КОНЦЕПЦИЯСЫ
Биыл елімізде тұңғыш рет 2-11 сынып оқушылары арасында Шахмат олимпиадасы өткізілді. Сонымен қатар, республиканың барлық білім беру ұйымдарында түрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Солардың бірі - оқушылар мен студент жастардың арасында шахмат челленджі.
2023 жылғы 12 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де республиканың барлық мектептерінде, мектептен тыс ұйымдарында және колледждерінде шахмат ойыны басталды.
📍Осыған орай мектебімізде шахматтан челлендж ұйымдастырылды. Челенджді дене шынықтыру пәні мұғалімі Құралбаев С.Е. 2-9 сынып оқушыларымен өткізді.
Шахмат челленджі республикада алғаш рет өткізіліп отыр және республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға болып табылады.
Шахмат челленджі жалпы, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы балалар мен жасөспірімдердің, педагогтердің арасында аталмыш спорт түрінің бұқаралық сипатта дамығанын, жарқын жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Челлендж – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын, оқушылардың зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыратын ауқымды республикалық акция.
Челлендждің мақсаты – шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту.
Челлендждің міндеттері:
- оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ой белсенділігін арттыру, логикалық ойлау, есте сақтау, аңғарымпаздық пен зейінін дамыту.
Қатысушылар: жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, педагогтері.
Реквизиттер: үстелдер, орындықтар, шахмат, шахмат сағаттары.